Сайыстар

«Ауылыңды сурет арқылы таны»

«Ауылыңды сурет арқылы таны»

Железинка ауылының 300-жылдығына арналған

оқушылар үшін «Ауылыңды сурет арқылы таны»

сайысы

Қымбатты балалар!

     Ауылымыздың тарихындағы ең маңызды күн жақындап келе жатыр –оның  құрылуының 300-жылдығы. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі Железинка – бұл тек қана тұрғын орын емес, бұл біздің бір бөлігіміз, біздің кіші Отанымыз.

    Туған жеріңді зерделеу, бұл жердің құрылу тарихын тану – қызықты іс. Ауылымыздың тарихы көне, ол қамалдан аудан орталығына айналды. Өкінішке орай, оның тарихында болған оқиғалардың көбі ұмытылып кетті. Өткен заманның күәгерлері – суреттер сақталған жоқ.

    Железин балалар кітапханасы, балғын оқырмандарын, «Ауылыңды сурет арқылы таны» жас ізшілер сайысына қатысуға шақырады. Ол үшін, ауыл тарихының альбомын қарап шығайық та, әр суреттің астындағы сұраққа жауап беруге тырысайық. Ал қызықты да мағыналы әңгіменің құрылуы үшін, көмекті пайдаланамыз: ата-аналарыңмен, ата-әжелеріңмен, ауыл байырғыларымен сөйлесіп көріңдер. Мүмкін олардың да айтары бар шығар. Кітапхана мен мұражайға да келіп кетуді ұмытпаңдар.

    Әңгімелеріңізді күтеміз. Ең қызықты, ең мағыналы әңгіме құрған бала жеңімпаз атанады. Жинап келгенде, сіздердің ізденіс нәтижелерінің арқасында, біз тарихи шежіреге ие боламыз. Ал өз жұмыстарыңызды безендіру, сіздің қиялдарыңызға байланысты. Өзіңіз туралы хабарлауды ұмытпаңыздар: аты-жөніңіз, жасыңыз, мекенжайыңыз, байланыс телефондар.

    Тапсырмасы бар сурет, апта сайын, газет беттерінде жарияланады. Еске сала кетейік, жұмыстар авторлық болуы тиіс.

Жұмыстарыңызды келесі мекенжайға жіберулеріңіз болады: Железинка ауылы, Тәуелсіздік көш. 23, орталық балалар кітапханасы.

Сайысты өткізу мерзімі: 2017 жылдың 27 мамырынан 30 шілдеге дейін.

Сайыс қорытындысы бойынша, бас ЖҮЛДЕ – ұялы телефон, сонымен қатар, көтермелеу сыйлар көзделген.

Марапаттау, ауылдың мерейтойына арналған, мерекелік шарада өткізіледі. Үздік жұмыстар, мереке сәні болып қалыптасатын, мерейлі көрмеде ұсынылады.

№1 сурет

Сұрақ: Өткенде, Железинкада тек бірнеше көрнекті ғимарат болатын. Оның біреуі бұл суретте ұсынылған. Оның құрылу тарихы қандай? Бұл ғимарат көп уақыт бойы қалай аталатын? Түрлі жылдары оның ішінде қандай қызметтер орналасты? Оның ерекшелігі неде? Ол туралы тағы да қызықты айтарыңыз бар ма?

№2 сурет

Сұрақ: Бір кездері, Железинкада, өзінің иесінен ұзақ ғұмыр жасаған және де әлі күнге дейін өткен заманның естелігін сақтап тұрған бір үй салынған екен. Ол үй, шамамен қашан салынды?  Бұл мекен иесінің атын атаңыз? Түрлі жылдары оның ішінде қандай қызметтер орналасты? Қашан және қай оқиғаға байланысты ол қазіргі мәртебесіне ие болды?

№3 және №3а суреттер

Сұрақ: Суретте көрсетілген екі объекттің байланысы неде екенін анықтаңыздар. Бірінің жабылуы уақыты екіншісінің орын ауыстырған уақытпен байланысты екені белгілі. Бұл ғимараттардың әр қайсысы туралы не білгендеріңізді әңгімелеңіздер.

№4 сурет

Сұрақ: 2018 жылдың жастарына арналған, железиндік комсомолдықтардың жолдамасы 32  жыл жер астында жатыпты. Бұл жолдаманың маңыздылығы неде және суреттегі орынмен қандай байланысы бар?

№ 5 сурет

Сұрақ: Бұл ғимарат байяғыдан жоқ. Бірақ ауылымызда оның «көшірмесі» сақталған. Ауылымыздың қай ғимараты суреттегі ғимаратпен ұқсас. Бұл «феноменнің» құпиясы неде?

№6 сурет

Сұрақ: Ауылымыздың көптеген тұрғындары, қалайда, бұл объекттің құрылғанын көрді. Бұл, шынымен, бүкілхалықтық құрылыс болатын. Ол қысқа мерзімде құрылып, пайдалануға атаулы күн қарсаңында тапсырылды. Объектті атаңыз, және ол ғимарат қай атаулы күнмен байланысты? Бұл объекттің құрылуына үлкен үлестерін қосқан адамдардың есімдерін білесіз бе?

№7 сурет

Сұрақ: Бұл ғимарат жататын кәсіпорын, тек жергілікті ғана емес, одақтық маңызы бар тапсырмаларды орындаған. Бұл кәсіпорынды атаңыз, ол тек қана үлкендер ғана емес, балалар үшін де несімен тартымды болатын? Оның бүгінгі тағдыры қандай?

№8 сурет

Сұрақ: Бұл кәсіпорынның қаншалықты маңызды болғанын бүгін еске түсіру қиын. Кәсіпорынның қызметін тек қана біздің ауылда ғана емес, оның сыртында да көп пайдаланатын. Бұл кәсіпорын қазірге жоқ, бірақ, оның еңбек істерін еске салатын, нышаны қалып қойды. Кәсіпорын және оның нышаны туралы әңгімелеп беріңіз.

№9 сурет

Сұрақ: Кеңес кезінде көптеген бұрқақтар ауылымыздың көркі болатын. Олардың біреуі суретте бейнеленген. Ол орналасқан мекенжайды атаңыз. Ауылымызда тағы неше бұрқақ болған?  Олардың орналасқан орындарын әлі де анықтауға болады.  Олар туралы тағы не айта аласыз?

Нәтижелері