Кітапхана жаздырып алады

Железин балалар кітапханасы сендер үшін балаларға арналған белгілі басылымдарды жазып алады.

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

Соңғы оқиғаларды білгілерің келе ме?

Сендер тек жаңа әрі қызықтыны қалайсыңдар ма?

Онда, газет пен журналдарды оқуларың қажет!

Железин балалар кітапханасы сендер үшін балаларға арналған белгілі басылымдарды жазып алады. Сендерге ұнайды деген сенімдеміз.

Газеттер

«Ұлан» және «Дружные ребята» - 80-жыл бойы басылып келе жатқан әрі материалды қазақ және орыс тілдерінде басатын мектеп газеттері.

Бұл – балаларға арналған газеттер болғанмен, өте түйінді баспасөз. Оның ішінде мәдениет, өнер, ұлттық және халықаралық мерекелер, көрмелер, еліміздің мәдени шаралары талқыға салынады. Бұл туралы тек журналисттер ғана емес, сендердің құрдастарың да жазады. Ал сөзжұмбақ, жұмбақ және бас қатырғыштарды үйлерінде ата-аналарыңмен, үзілісте сыныптастарыңмен шешуге болады.

«Непоседа» Бұл газетпен сендер жуырда танысып, достастыңдар. Қызықтың бәрі осы газетте! Қызықты ойындар мен шығармашылық, фантастика мен шынайлық, анекдоттар, ертегілер, бас қатырғыштар мен сөзжұмбақтар. Өзі журнал сияқты көрінеді!

Журналдар

Ең кішкентайлар үшін

«Айгөлек» Егер сенің жасың 5-13 аралығында болса, бұл журнал сен үшін. Ол қазақ тілінде басылады. Бұл көрікті, көрнекті, қызықты журнал. Оның ішінде түрлі таным материалдар: қазақ өлеңдері, мақал, мәтелдер, халқымыздың тарихы мен дәстүрлері жиналған.

«Балбұлақ» Бұл журналды балалар дайындайды. Оның ішінде Қазақстан тарихына арналған қызықты мақалалар, қазақ халқының дәстүрлері мен ырымдары туралы, бала құқығы туралы, бос уақытты қалай өткізуге болатыны туралы мақалаларды таба аласыңдар.

«Ерке бала» Сені қызықтыратынның барлығы – көрнекті суреттер мен көңілді комикстерде. Еліктіргіш ойындар мен шығармашылық, фантастикалық сюжеттер мен шынайы деректер – қазақ тіліндегі комикстерде.

«Ертегілер әлемінде. В мире сказок» қазақ және орыс тілдерінде балаларға арналған Республикалық көрнекті ертегілер журналы. Мейірімділік, батырлық, бейімділік, достыққа үйрететін түрлі халықтардың ертегілерін басып шығарады.

 


«Весёлые картинки» Бұл журнал беттерінде көп жылдар бойы кішкентай адамдар Карандаш, Самоделкин, Дюймовочка өмір сүреді. Бұнда көптеген суреттер, әзілді тақпақтар мен заманауи балалар авторлардың қысқа әңгімелері бар.

«Мурзилка» Бұл тағы бір ескі досымыз. Әдеби шығармалардан, таным әрі оқу материалдардан басқа, бұнда өте сапалы, ашық бояулы суреттер бар. Сонымен қатар, комикстер, «Мурзилка» кеңестері, бас қатырғыштар, ребустар мен жұмбақтар, сайыстар бар. Және, әрине оқырмандардың хаттары мен суреттері.

«Тошка и компания» Көңілді де білімқұмар күшік Тошка, жануарларды ұнататын балалардың бәріне дос болады. Журнал беттерінде ол сендерге жабайы аңдар туралы, үй жануарларын тәрбиелеу және күту құпиялары туралы айтып береді. Онымен бірге, сендер саяхатқа аттанып, жануарлардың құпияларын білесіңдер, пайдалы бұйымдар жасайсыңдар.

«Играем с Барби» «Играем с Барби» журналы – сұлу да сүйкімді Барбиға ұқсағылары келетін, қыздарға арналған көрнекті журнал. Әр нөмірде: Барби және оның құрбылары туралы хикаялар, сән, бояулар, қолдан жасалған бұйымдар, жұмбақтар, бас қатырғыштар. Қыздар Барбимен бірге оқуды және ойнауды ұнатады!

«3/9 царство» көрнекті, ашық түсті журнал сендерді Тридевятое патшалығына саяхатқа шақырады. Сендерді Кощейдің лабиринті, Жалмауыз Кемпірдің жұмбақтары, Василиса Премудраяның тапсырмалары, Данила Мастердің шеберханасы күтеді.

 


Ересек балаларға арналған

«Балдырған» Басылып келе жатқан елу жылдың ішінде, журнал көптеген балалар мен үлкен адамдардың жүрегін жаулаған. Оқырмандардың өлеңдері мен суреттері байыпты мақалалар қатарында басылады. «Балдырғанды» жаңа, үлкен әлемді аша отырып отбасымен бірге оқуға болады. Сендер де байқап көріңдер! Мүмкін, журналды оқу сендердің отбасылық дәстүрлеріңе айналатын шығар.

«Ақ желкен» Жасөспірімдерге арналған журналдың ішінен сендер тарихи және ғылыми-көпшілік мақалалар, құрдастарыңның жазған өлеңдерін, қызықты әңгімелер мен хикаяларды таба аласыңдар.

«Детская энциклопедия» Қыздар мен ұлдарға арналған таным журнал. Әр бір кітап үлкен тақырыпқа арналған. Тақырыптары түрлі: тарихтан сөйлейтін жануарларға дейін. Ең маңыздысы туралы қысқа да қызықты жазылған. Ал альманахты қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

«Мне 15» Журналда жарияланатын тақырыптар қатары сан алуан, заманауи жастардың да қызығушылықтары сан түрлі. Материалдар еліктіргіш және қолжетімді түрде, жастар түсінетін тілде жарияланады. «Мне - 15» - оқитын, білім алатын қыздар мен ұлдарға керек журнал.

«Читайка»  Балаларға арналған кітаптар мен жазушылар туралы ең үздік журнал. Оның басты кейіпкерлері Читайка және Совенокпен бірге сендер үздік журналдар мен кітаптармен танысасыңдар, қызықты оқиғаларға түсіп, ойындарға қатысасыңдар. Журналда көптеген айдар бар, олардың арасынан әр оқырман өзіне қажеттіні тауып ала алады.

«Чудеса и приключения — детям» Бәрін білгісі келетін адамдарға арналған әдеби-таным журнал. Көрнекті және суретті журнал, сендерге әлем жұмбақтарын шешіге көмектеседі. Әр оқырман «ЧИП - детям» беттерінен өзіне қажеттіні таба алады: болжап болмайтын аяғы бар хикаялар, сөзжұмбақтар, ребустар, логикалық тапсырмалар және басқа да қызықтар.

«Юный эрудит» Журнал оқырмандарға қызықты түрде тарих пен бүгінгі ғылым және техника күні туралы, белгілі ғылымдар мен алғаш ашушылар туралы әңгімелеп береді. Сендер машина мен механизмдердің құрылымын біле аласыңдар, смерч және циклондардың, жер сілкініс пен жанартаудың атқылуы неден пайда болатынын білесіңдер. Арнай айдарлар заманауи компьютерлік және авиағарыштық технологияларға, тірі табиғат жұмбақтарына, болашақты болжамдауға, қару тарихына арналған.