Ұлдар мен қыздарға

Жаңа жыл жақындап қалды

Жаңа жыл жақындап қалды

Хейг М. Мальчик по имени Рождество: повес/ағылшын тілінен ауд. К. Колябина.  - М.: Издательство АСТ, 2016. - 288 с. - (Миры Мэтта Хейга)

Жаңа жыл жақындап қалды, онымен бірге жаңа жылдық ғажаптар да еріп келеді. Сіздер Санта-Клаустың қайдан пайда болғанын білесіз бе? Пикси тілінен Санта-Клаус «үлкен қарынды қылжақ» дегенді білдіретінін білесіз бе? Сантаның балалық шағы қандай болғанын және оның туған жері Финляндия екенін білесіз бе? Жоқ? Олай болса, бұл кітап сізге арналған.

Бұл кітапта сіз Николас атты 12-жасар баламен танысасыз. Тағдыр оған қатал болса да, балақай әрдәйім ғажайыптарға сенетін. Тіпті әкесі поляр экспедициясында жоғалып кеткен кезде, ол үмітін үзбей, оны іздеуге шығады. Балақайдың алдында қиын, азапты жол тұрды. Солтүстік шұғыланың бүркеуі артында ол эльф, тролльдер, «пиксилермен» кездесті. Николас – адамдарға сеніммен қарап үйренген бала, шынайы ақиқатпен көзбе-көз кездесіп, соңына дейін күреседі.