Ұлдар мен қыздарға

Қызықты кітаптар. Детективтер. Фэнтези.

Қызықты кітаптар. Детективтер. Фэнтези.

Қызықты кітаптар. Детективтер. Фэнтези.

Қымбатты достар!

Кітап әлемі – ерекше қызықты ел. Оның өз тарихы, өз батырлары мен жауыздары, жұмбақ әрі күлкілі оқиғалары бар. Бүгін, біз сіздердің назарларыңызға Железин балалар кітапханасына келіп түскен еліктіргіш кітаптарды ұсынамыз.

Кіші мектеп жасындағы балаларға Катя Матюшкинаның кітаптары жақсы таныс. Олар ойын түрінде мейірімділікке, өзара көмекке үйретеді. Бұл кітаптардың ішінде достықтың орны бөлек. Кітаптар тез және оңай оқылады.

За пнями да за корягами,
За лужами да за оврагами,
Под сердитой тучей
Вырос лес дремучий.
Я там бывала
И вот что видала…

Бір күні, түн уақытында, сиқырлы орманда, Жалмауыз Кемпір сиқыршылыққа кірісті – үлкен қазан ішінде түптерді араластырып, жалбарынып сұрай бастады... Осы кезде бүткіл орман аяғынан басына төңкерілді. Бұл мәселені кім шешеді? Бұл туралы сіздер 2016 жылда «Прикольный детектив» сериясында шыққан, Катя Матюшкинаның «Веники еловые или Приключения Вани в лаптях и сарафане» кітабынан біле аласыздар.

Сиқырлар мен жұмбаққа толы тағы бір әңгімені Елена Хрусталева «Летяево. Штормовое предупреждение» детективінде айтып берді.

Бас кейіпкер, көңілді Бампик үшағы ең сиқырлы қала – Летяевода тұрады екен. Бұл қалада бәрі ерекше. Көшелер жерде емес, ауада орналасқан. Бағдаршамдар да, дүкендер де, саябақтар да ауада. Себебі, бұл қалада ұшақтар өмір сүреді. Дәл осы жерде, Летяевода, кішкентай ұшақтардың оқу аэродромында қызық детективті әңгіме басталды.

Жуырда, Сергей Климковичтің «Тайна квартиры №8» сиқырлы әңгімесі жарық көрді. Бұл төрт кітаптан тұратын серия, әр қайсысының өз атауы бар. Шығармаларда үш кейіпкер бар (екі қыз және бір ұл), олар есікті ғана емес, адам жанын да ашатын кілтті іздеуде. Кітаптарда сол кілтті іздеген жағымсыз кейіпкерлер де бар.

«Суреттері мультфильмдегідей және әріптері үлкен, бірақ кітаптар өте байыпты, себебі қазіргі балалар өте ақылды», - деп ойлайды автор.

Бүгін сіздер үшін – С.Климковичтің  «Золотая Монета и Король Люмитов» қызық оқиғалы повес. Оның ішінде Светка, Леночка және Боря қорқынышты бір қамалға түседі екен...

Үлкенірек балалар Мефодий Буслаев туралы кітаптарды ұнатады. Емец Д. «Маг полуночи» – осы серияның кезекті кітабы. Бас кейіпкері бір күні ұлы қара дуагерге айналу керектігін біледі. Бірақ ол жамандық жасауды аса ұнатпайды да Жарық және Қараңғылық күресінің нәтижесін шешу үшін, ол Вечное Ристалище Ғибадатханаының шытырманы арқылы өту керек. Бірақ, бұны қалай жасай алады? Оған кім көмектеседі? Осындай жағдайда қалай өзін-өзі болып қалады? Бұл туралы повесті оқыған балалар біле алады.

Елены Соловьёваның «Маргарита едет к морю» ертегі повес-сілтемесі Маргарита және Корица әжеймен бірге Севастополь қаласына, Қара теңіз жағалауына шақырады. Сиқыршы-достары Маргаритаға планшет компьютерін сыйға тартады. Дегенмен, достарың қандай болса, сыйлары да сондай. Планшет күтпеген жерден оғаш нәрселерді көрсете бастайды. Ал қандай екенін білгілеріңіз келсе... Онда сізге кітапханаға бару керек.

«Чёрный котёнок» - жасөспірімдерге арналған детективтер сериясы. Олар сондай еліктіргіш. Назарларыңызға Наталья Кузнецованың «Два дня до часа «Х» повесін ұсынамыз.

Ромканың ойынша, «Соколиная гора» қорығында барлығы керемет: орман да, табиғат та, адмадары да. Бірақ бұзық бала Денис Ромкаға соғыс жариялады. Ромка да одна қалған жоқ, осымен қызық басталды. Бірақ, күтпеген жерден, Денис ізсіз жоғадлып кетті. Ол қандай жағдайға ұшырады екен? Ромка бәрін білуі тиіс... 

Жазушы Эдуард Веркиннің есімі жасөспірім-оқырмандарға жақсы таныс. Оның кітаптары балғын оқырмандардың назарын бірден жаулап алады. Олар керемет. Себебі, автор, сіздің армандарыңыз бен шынайы ұмтылыстарды біледі. Эдуард Веркиннің кейіпкерлерімен сіз таңқаларлық оқиғаларға тап боласыз. Бірақ ең бастысы – қын жағдайдан адам болып шығу.

Эдуард Веркиннің «Жмурик-проказник» жаңа кітабы да – ерекшелік емес. Бұл кітапта балалар жай ғана іштерінен тілек тілеген еді, ал олар... орындала бастады! Мінеки, біреуі киборгқа айналды, біреуі дауысымен түрлі заттарды бұзуды үйренеді, ал кейбіреуі моладан арғы аталарын шақыра алады... Осының бәрінен ненің шыққаны туралы - «Жмурик-проказник» повесінде

Ханзада Ұйқыдағы Аруды бетінен сүйіп, дуадан құтқарды да, екеуі көп жылдар бойы бақытты да, ұзақ ғұмыр кешті... Лиз Брасвеллдің «Однажды во сне. Другая история Авроры» повесінде бұндай керемет сиқырлар болған жоқ. Аврора ханшайымы өзі де оянбай, ханзаданы да ұйқыға тартты. Оның түсінде Малефисентаның дуалары жұмыс істеуді жалғастырды. Аврора түсінде Малифисентамен соғысып, дуасынан айырыла ма әлде жоқ па? Білгілеріңіз келсе Кітапты тезірек оқыңыз!

Людмила Матвеева — оқырманға әйгілі және сүйікті повестердің авторы. Оның «Бешеные бабки в 6 «Б» жаңа повесі балалардың Лунный бульвар саяжолында және мектептегі өмірі туралы әңгімесін жалғастырады. 

6 «Б»-да үнемі бүткіл сыныпты дүрліктіретін  оқиғалар пайда болады. Мысалы, ақшаны қайдан табуға болады. Ақшаны таба алмаса да, олар көне картаны тауып алды. Картаны қолдарына ала сала, балалар қазына ісздеуге кірісті.

Ізденіс кезінде балалардың қандай жағдайға шалдыққандары туралы Людмила Матвееваның «Бешеные бабки в 6 «Б» жаңа повесінен біле аласыздар.

«Бір күні, ер жеткенде, сіздер бұл ертегілерді қайта оқып, түсінерсіз». Бұл «Хроника Нарнии» ертегілер хроникасының авторы - Клайв Стейплз Льюистің сөздері. Олардың ішінде балалардың Нарния атты сиқырлы елде қызықты оқиғалары туралы айтылады. Бұл елде жануарлар сөйлей алады, сиқыр ешкімді таңқалдырмайды, ал жақсылық зұлымдықпен күреседі. «Хроники Нарнии» - әр түрлі жастағы адамдарға қызық болатын кітаптардың бірі. «Покоритель зари», или Плавание на край света» - циклдың бесінші кітабы.

«Покоритель Зари» атты ең үздік Нарния кемесі Каспиан патшасының бұйрығымен құрылған. Люси, Эдмунд және олардың жиендері Эдмунд құрамында бір топ, кемеге мініп алып, үстемшіл Миразбен құғынған, жеті лордты іздеуге шықты. Әлем аяқталатын жерде, - ең қызықты оқиғалар басталады!

Сіздерге қызық па? Онда асығыңыздар! Осы кітаптардың барлығы, сіздерді, Железин балалар кітапханасының сөрелерінде күтеді.

О.Зданович, ОБК оқу залының аға кітапханашысы