Еңбекші ауылдық кітапханасы жұмысының негізгі мақсаты- өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, пайдаланушының жеке басын анықтау үшін жағдай жасау.
Кітапхананың міндеті-қолданушыға рухани, ақпараттық және зияткерлік ресурстарға сапалы және тиімді қол жетімділікті қамтамасыз ету, өз елі мен өлкесінің тарихы мен мәдениетін жеткізуші болу.
Еңбекші ауылдық кітапханасы қызметінің негізгі міндеттері:
- Пайдаланушылардың ақпаратқа қол жеткізуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау.
- Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін және кітапхана сабақтары арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру.
- Оқырмандарды кітап оқуға, туған сөзіне, еліміздің тарихы мен қазіргі өміріне, көркем дәстүрлерге баулу және мәдени-демалыс қызметінің жаңа түрлерін енгізу.
- Халықты, әсіресе жастарды патриоттық сезімге, ұлттық мақтаныш пен азаматтыққа баулу.
- Ауыл кітапханасының халық арасындағы рөлі мен беделін арттыру.
- Кітапхананың күш-жігерін жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, әлеуметтік-мәдени кешенмен және жергілікті қауымдастықпен үйлестіру.
- Кітапхананың ақпараттық қызметін арттыру және ауыл тұрғындарының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
- Ауыл халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, рухани және адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Еңбекші ауылдық кітапханасы 1984 жылы ашылды. Қазіргі уақытта кітапхана ғимараты ауылдық мәдениет үйінде орналасқан
Кітапханашы-Жұмабекова Ләззат Балтабайқызы
Кітапхана барлық жастағы және санаттағы 428 пайдаланушыға қызмет көрсетеді. Кітап қоры – 14418 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде – 7356 дана. Кітапханада Интернет желісіне, Wi-Fi аймағына қолжетімділік бар.