Балалар әдебиеті бөлімінде ерекше іс-шара өтті. Мұнда жас оқырмандар актерлік шеберліктерін байқап, Евгений Шварцтың "Екі ағайынды" атты сиқырлы ертегісін сахнада қойды.

Железин ОКЖ-нің балалармен жұмыс әдіскері А. Умарованың жетекшілігімен балалар дайындық жасап, шығарманың әділдік, ізгілік және қиял әлеміне бойлады. Дайындық барысында рөлдер бөлініп, балалар кейіпкерлердің сөздерін жаттады, бұл ертегінің атмосферасын дәл жеткізуге көмектесті. Ертегі мемлекеттік тілге аударылып, қойылым кезінде орыс тіліне ілеспе аударма жасалды, осылайша барлық көрермендер мазмұнын толық түсінді.

Қойылым нағыз мерекеге айналды! Көрермендер – ата-аналар, достар мен кітапхана оқырмандары – балалардың екі ағайынды туралы оқиғаны сахнада қалай жандандырып жатқанына тамсана қарады. Олар достықтың, махаббаттың және өзара көмек көрсетудің құндылығын түсіну үшін көптеген сынақтардан өтті.

Бұл шара тек жарқын эмоциялар сыйлап қана қоймай, балаларға шығарманың тереңдігін түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай шығармашылық кездесулер балалардың кітапқа қызығушылығын арттырып, ұжыммен жұмыс істеуге және өнер арқылы өздерін білдіруге үйретеді.

Барлық қатысушыларға еңбектері мен таланттары үшін, ал көрермендерге ыстық қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз. Алда әлі талай шабытты да шығармашылық оқиғалар күтіп тұр!