Орталықтандырылған кітапханалық жүйе бүгінгі күндері.

«Железин ауданының ОКЖ» КММ-не 16 кітапхана кіреді:

  • Орталық аудандық кітапхана (ОАК)

Балалар әдебиеті бөлімі (БӘБ)

  • Захаровка ауылдық кітапханасы - № 4 филиал
  • Аққайың ауылдық кітапханасы - № 5 филиал
  • Алакөл ауылдық кітапханасы - № 8 филиал
  • Башмашын ауылдық кітапханасы - № 11 филиал
  • Кузьмино ауылдық кітапханасы - № 14 филиал
  • Уәлихан ауылдық кітапханасы - № 15 филиал
  • Весёлая роща ауылдық кітапханасы - № 16 филиал
  • Жаңа жұлдыз модельдік ауылдық кітапханасы - № 21 филиал
  • Михайловка модельдік ауылдық кітапханасы - № 26 филиал
  • Церковное модельдік ауылдық кітапханасы - № 31 филиал
  • Озёрный ауылдық кітапханасы - № 35 филиал
  • Лесной ауылдық кітапханасы - № 37 филиал
  • Приертіс ауылдық кітапханасы - № 42 филиал
  • Березовка ауылдық кітапханасы - № 46 филиал
  • Еңбекші ауылдық кітапханасы - № 52 филиал

       «Железин ауданының ОКЖ» КММ әкімшілігі

      

       ОКЖ-де 2019 жылы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекеме заңды тұлғасының «Железин ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» коммуналды кітапханалық жүйесіне ауысқанына байланысты  кезекті өзгерістер болды.

     2023 жылы «Железин ауданының ОКЖ» КММ-ң басшысы болып Алмагүл Оразқызы Балтабаева тағайындалды. Алмагүл Оразқызы басшыға тән барлық қасиеттерге ие: адамдармен қарым-қатынас жасау, іскерлік қырағилық, жинақылық. Басшы ретінде тәжірибелі кадрлардың жұмысына және  жастардың белсенділігіне  сүйене отырып, сонымен қатар кітапхананың жағдайын зерттей келе ең басты қажетті міндеттерін анықтап алды.

     «Железин ауданының ОКЖ» КММ қаражаттық жұмыстары Зоя Мусабаева есімді есеп бойынша бас маманның қолында. Зоя - жоғары білімді экономист.  Негізгі лауазымдық міндеті  — ұйымның бюджет жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Өзінің лауазымдық міндеттерін кәсіби тұрғыда дұрыс және белсенді орындайды. (№ 2 фото)

Токбатырова Жанат Айтымашевна іс-жүргізу жұмысы бойынша іс маманы. Негізгі лауазымдық міндеті: есеп құжаттамасын жүргізу;  қызметкерлердің жеке құжаттарын тіркеу мен есебін жүргізеді; —бұйрық журналын жүргізу; — «Железин ауданының ОКЖ» КММ құжаттарының мұрағат қорын қалыптастыру

Железин ауданының ОКЖ кітапханаларының іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен міндеттері

Миссиясы: жеке дара қабілеттері мен жасы бойынша әлеуметтік мәдениетіне сай келетін регион тұрғындарының интеллектуалдық дамуы үшін қолайлы ақпараттық орта құру.

Міндеттері: ақпаратқа ашық қол жеткізуге қолданушылардың құқығын қамтамасыз ету, регионның тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету.

Іс-әрекеттің негізгі бағыттары:

            - мәліметтер базасын қалыптастыру және ақпаратты жинақтау жүйені жақсарту;

- жаңа оқырмандарды тарту және қолданушылар үшін ақпараттық-консультациялық қызметтердің жаңа түрін ұйымдастыру; кітапханалық қызметті онлайн түрінде де көрсету;

- қолайлы кітапханалық орта жасау;

- тарихи әдебиетті оқитын қолданушыларға бағытты көмек көрсетіп отыру;

- кіші Отаны тарихына деген қызығушылықты тәрбиелеп, өлкетану бағытындағы білімді насихаттау, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу;

- қоршаған ортаға деген ұқыптылықты тәрбиелеп, табиғатты аялауға үндеу, жаратылыстану әдебиеттерін оқуға тарту;

-  классикалық және шетел әдебиеттің керемет үлгілеріне қолданушылады жетелеу.

ОКЖ-де қызығушылығы бойынша  ашылған клубтар:

  • «Золотой возраст» — әйелдер клубы— Жаңа жұлдыз модельдік а/к;
  • «Лад» —әйелдер клубы— Башмашын а/к;
  • «На огонёк» - егде жестағы адамдар клубы – Весёлая роща а/к
  • «Встреча» — жастар клубы — Уәлихан а/к;
  • «Тұған елім – алтын бесігім» — ұлттық дәстүр мектебі— ОАК
  • «Вдохновение» — зейнеткерлер клубы— ОАК.
  • «Палитра» - қызығушылығы бойынша жастар клубы – Озерный а/к.
  • «Эко-До» - экологиялық клуб – Березовка а/к
  • «Салауат» - зейнеткерлер клубы – Алакөл а/к
  • «Непоседы» — жасөспірімдер клубы— Башмашын а/к;
  • «Почемучки» - балалар клубы – Весёлая роща а/к
  • «Құқықтық студия» —жасөспірімдер студиясы – БӘБ;
  • «Бұлақ» — балалар әдеби клубы— БӘБ;
  • «Родничок» — балалар клубы— Михайловка модельдік а/к;
  • «Либрейн» - литературный онлайн клуб - Отдел детской литературы ЦРБ
  • «Алтын оймақ» - жас тігіншілер клубы – Приертіс а/к
  • «Алтын микрофон» - жас репортер мектебі – ОАК коворкинг  кеңсесі;
  • «Теремок» - балалар клубы – Уәлихан а/к

 

«Железин ауданының ОКЖ» КММ келесі көпжылғы бағдарламалар бойынша жұмыс жасауда:

  • «Шексіз мейірімділік»
  • «Достық. Ынтымақ. Тәуелсіздік»
  • «Заң әлеміне қадам»
  • «Қоғам. Денсаулық. Болашақ»
  • «Кіші Отан үні» (өлкетанушылыө білімді тарату)
  • «Таңдау жаайтын уақыт жақындады» (кәсіби бағдар бағыты)

Заманауи кітапхана әрекетінің толыққанды құрамы ретінде ақпараттық технологиялар болып табылады.

«Железин ауданының ОКЖ» КММ-ң компьютер паркінде:

  • 48 компьютер
  • 22  копия жасау бірлігі.

15 кітапхана ғаламтор жүйесіне ене алады. Бұл 15 кітапхананың оқу залдарында Wi-Fi зонасы жұмыс істейді. ОАК-да локальді копьютер жүйесі бар.

ОКЖ біркелкі кітап қоры - 265860 әдебиет данасы, соның ішінде мемлекеттік тілде — 91297 дана.

«Железин ауданының ОКЖ» КММ кітап қоры мазмұны бойынша универсалды, оның құрамына білімнің барлық салалары бойындағы әдебиет енеді.

     Кітапханалардың ақпараттық-библиографиялық аппаратта түрлі тақырыптар бойынша  энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар бар. Жыл сайын ОКЖ кітапханалары периодикалық басылымдарға жазылады.

    Орталық аудандық кітапханада 2013 жылынан бастап  ТМД елдері әдебиеті мен шетел және кеңес үкіметі әдебиетінің классикалық үлгілері енген сирек кездесетін кітаптар енетін  кітап бөлімі жұмыс істейді.  

     ОКЖ-ң электронды  каталогі

     2008 жылы орталық аудандық  кітапхана РАБИС компьютерлік бағдарламасын орнатты (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе). ОКЖ электронды каталогын қалыптастыру есебі сол кезден басталды. Бүгін электронды каталогқа басылым шығармаларының 70074 библиографиялық сипаттамасы енеді. Библиографиялық сипаттамалардың барлық массивы бірнеше мәліметтер базасына орналастырылған:

  • «Кітаптар»
  • «Мақалалар»
  • «Сирек кездесетін кітаптар»
  • «Балаларға арналған периодика»
  • «Әдістемелік жинақтама»
  • «Өлкетану» толықмәтіндік мәліметтер базасы
  • «Электронды басылымдар»

«Өлкетану» МБ-на  «Родные просторы» және «Туған өлке» атаулы жергілікті газеттен машина оқи алатын мыңнан астам көшірмелер енеді.

      «Ізденіс-тапсырыс» атты РАБИС бағдарламасының модулі арқылы  электронды каталогтің ақпараттық ресурстары оқырманға қолжетімді.

    Орталқы аудандық кітапханада сақтандыру қорын құру мақсатында  сирек кездесетін басылымдар мен өлкетану әдебиеті цифрландырылуда.

Орталық аудандық кітапхана

       Орталық аудандық кітапхана бес мыңға жуық  тұрғыны бар аудан орталығына қызмет көрсетеді. Кітап қоры мазмұны бойынша әмбебап және 50 мың әдебиет данасын құайды. Кітапберілімі жылына 60 мыңдай  дана,  келім саны 20 мыңға жуық, оқырмандар саны 2000-3000 санды құрайды.  Оқырмандар контингенті түрлі: аудан орталығының 3 мектебінің  оқушылары,  агротехникалық колледж студенттері,  жұмыссыздар, зейнеткерлер. Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысын  абонемент, оқу залы, кіпасақтау қоры енетін қызмет көрсету бөлімі орындайды.

 

      Қызмет көрсету бөлімі

     

       Біздің кітапхана абонементі үлкен мәдени маңызы бар басылым шығармаларының кең қорынан құралады. Бұл деген – мәдениеттің «алтын қоры» деуге болады, адамзатпен біртіндеп жиналған мол тәжірибенің қазынасы.  Абонементте 30 мыңнан астам кітап бар. Абонемент қоры  электронды баслымдармен қамтылған.  Қызмет көрсету бөлімі қолданушыларға үйде отырып кітап қорын пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Оқырмандар жаңа кітаптың түскені жайлы уақытында хабарланып отырады.  Қызмет көрсету бөлімінің басты бағыты болып жастармен жұмыс, патриоттық тұрғыдағы жұмыс болып табылады. Кітап көрмелерінің тақырыптық жағы қазақ халқының тарихына, туған тілді дамытуға, халқымыздың  салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.

     Оқу залының қоры 6 мың дана кітапты құрайды. Қордың көзі болып  энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар табылады.  Оқырмандардың қызметіне экономика, маркетинг, заңгерлік ғылымдар мен құқықтық кітаптары бойынша жаңа әдебиет енеді.  Оқу залына 30-дан астам периодикалық басылым атаулары түсіп тұрады,  оның 20-сы мемлекеттік тілде. Кітапхана оқырмандар үшін периодикалық басылымдарың материалдарын көбейту техникасы арқылы көшірмелерін жасауға мүмкіндігі бар. Кітапхананық бұқаралық жұмысы мектептер, тарихи-өлкетану мұражайы мен басқа ұйымдардың көмегімен жүзеге асып отырады.

Қызмет көрсету бөлімінің штаты:
Тлегенова Сауле Ибраевна — оқу залы кітапханашысы 

Махамбетова Сауле Беисовна – абонемент кітапханашысы 

Алигазина Гульзат Муратовна – қызмет көрсету кітапханашысы

    1980 жылдан бастап орталық аудандық кітапхана құрамында әдістемелік кабинет пен кітапты өңдеу мен жинақтау бөлімі  жұмыс істейді.

 

Әдістемелік бөлім

 

Негізгі қызметі:

  • ОКЖ кітапханаларының і-әркетіне әдістемелік басшылықты жүргізеді;
  • ОКЖ бөлімдерінің әрекетін ұйымдастырып, кітапхана жүйесіне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
  • ОКЖ кітапханаларының жылдық, ағымды және перспективтік жоспарларын жасайды;
  • Кітапхананың ең керемет деген тәжірибесін іс-жүзіне енгізу бойынша іс-әрекет жасап, кітапханалық қызметкерлерінің санатын көтеру бойынша өткізілетін шараларға қатысады;
  • Кітапханалы-библиографиялық қызмет көрсетудегі оқырмандардың қыжеттіліктерін зерттейді;

 

     Әдістемелік бөлім ОКЖ кітапханалық қызметкрелеріне  оқу семинарларын ұйымдастырып, жылына 4 рет өткізіп отырады, жаңа қабылданған кітапханашыларға практикумдарды өткізеді. Әдістемелік жіне практикалық көмек көрсету үшін ауылдық кітапхана филиалдарына жүйелі түрде барып тұрады.  Жылдық жоспарға сәйкес тақырыптық, мерейгерелге және атаулы күндерге  арналған күнтізбелер,  әдістемелік  материалдар шығарып тұрады.  2014 жылдан бастап «Біздің тарихымыздың күндері» атаулы Железин ауданы бойынша есте сақтау күнтізбелігі жинақталады.

 

Әдістемелік бөлім штаты:

Бурамбаева Салтанат Агбаевна  - әдіскер   

Кроо Галина Пиусовна – әдіскер 

Умарова Асемгуль Естаевна — балалармен жұмыс бойынша әдіскер 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 Библиографтың кәсіби іс-әрекетінің мақсаты – шынайы немесе потенциалды қолданушыларға құжаттар бойынша ақпарат дайындау. Библиографиялық ізденісті нақты міндетке сәйкес жүзеге асырып отырып, библиограф өзінің саяси, философиялық, эстетикалық, ғылыми және т.б. көзқарастарына тәуелсіз ақпаратты табуға тырысады.  Қолданушыларға хабарлау үшін библиограф ақпараттық бюллетеньдер, әдеби тізімдерді дайындап, тақырыптық көрмелерді безендіреді, Ақпарат күндерін өткізеді.

 Манабаева Асель Дюсеновна  — библиограф 

         Әдебиетті жинақтау мен өңдеу бөлімі жүзеге асырады:

 

  • Кітап қорларын басылым шығармалары мен ОКЖ филиалдары және орталық аудандық кітапхананың периодикалық басылымдарымен толықтыруын қаматамасыз етеді;
  • Түсіп жатқан басылым шығармаларының және басқа құжаттардың есебі мен тіркелуін, ОКЖ құрылымдарына олардың түсуін қаматамасыз етеді; ОКЖ барлық филиалдарын периодикалық басылымдарды жаздырады;
  • ОКЖ бойынша ескірген, дублетті әдебиет даналарын кітап қоры тізімінен шығаруды қамтамасыз етеді.
  • Филиалдармен бірігіп, кітап қорының қолданылуын және құрамын зерттеу бойынша, кітап қорының жинақталуы бойынша жұмыс жүргізеді;
  • Каталогтар мен кітап қорын ұйымдастыруда ОКЖ филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

ОКЖ кітап қорының жинақталуының негізгі көзі:

  • Мемлекеттік тапсырыс;
  • Облыстық кітапхана;
  • Жергілікті бюджет;
  • Сыйға келген кітаптар

 

Бөлім штаты:

 

Карабаева Динара Рамазановна –  ӘЖ мен ӘӨ бөлімінің кітапханашысы 

 

     Мүмкіндіктері шектулі адамдарға қызмет көрсету кітапхана  қызметінің бөлінбес бөлшегі болып табылады.  Кітапханалар алдында  мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жасағанда  нақты міндеттер тұрады:

- қоданушылардың барлық топтарына кітапхана қызметін қолжетімді ету; - ақпараттың түрлі түрлеріне қолжетімділікті кеңейту;

- барлық білім салалары бойынша оқырмандар қажеттілігін өтеу;

 - білім беру үрдісіне ақпараттық технологияларды қолдана отырып ену және т.б..

     Аз мобильді адамдар – кітапхананың ерекше қолданушылары. Жұмыстың түрлі әдіс-тәсілдері бұл топқа ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді көздейді.

Кималиденова Акерке Иматаевна — мүгедектермен жұмыс жасау бойынша ОКЖ кітапханашысы. 

     Коворкинг-кеңсенің ашылуы  –  жаңа оқырмандарды тартатын және жұмыстың жаңа түрлерін қажет ететін біздің ауданымыздың кітапханалары үшін технологиялық жаңалық. Кітапханадығы коворкинг-кеңсе – достарымен, әріптестерімен кездесетін орын, кітап оқитын, компьютерде жұмыс жасайтын жер.  Осы жерде іскерлік кездесулерді, дискуссияларды, мастер-класстарды, тренингтерді  ұымдастыруға болады. Ең маңыздысы, коворкинг-кеңсенің барлық қызмет көрсетуі барлығы тегін. Бұнда тиімді жұмыс жасау үшін барлығы қарастырылған: қолайлы дивандар,  креслолар, жеке дара және топтық жұмысқа арналған зоналар, тегін ғаламтор,  принтерлер, сканерлер бар.  Жастар үстел ойындарын ойнай алады, жаңалықтарды сөз етіп, көзқарастарымен бөлісе алады.

Ибраева Адила Кенжетаевна – коворкинг-кеңсе кітапханашысы 

ОДЛ ЦРБ

Цели и задачи отдела детской литературы ЦРБ:

-Создание в отделе особой библиотечно – информационной среды, отвечающей потребностям и интересам развивающейся личности,

-Формирование гражданственности и патриотизма,

- Пробуждение читательского интереса к истории Отечества и краеведению,

- Нравственное развитие и экологическое просвещение детей;

-Приобщение читателей к художественным традициям народной культуры,

- Воспитание и развитие творческих способностей детей,

- Приобщение детей к систематическому чтению.

 В отделе созданы и работают клубы по интересам: клуб «Булак», правовая студия «Подросток и закон». Налажено деловое сотрудничество с кабинетом психолого-педагогической коррекции. В библиотеке успешно реализуется целевая программа по краеведению «Люби и знай свой край родной».

Штат отдела:

Ашкенова Галия Ажбулатовна – библиотекарь абонемента ОДЛ ЦРБ 

Курносова Ульяна Романовна – библиотекарь читального зала ОДЛ ЦРБ

Турсунова Алмира Мелісқызы – библиотекарь ОДЛ ЦРБ

 

ОАК БӘБ

ОАК балалар әдебиеті бөлімінің мақсаттары мен міндеттері:

- Дамып жатқан тұлғаның қызығушылығы мен қажеттелігіне жауап бере алатын ерекше кітапханалық-ақпараттық орта құру;

- жас оқырмадарды отансүйгіш және азамат болуға баулу;

-  өлкенің және Отанның тарихына деген оқырмандық қызығушылықты тудыру;

- балалардың адамгершілік және экологиялық ағартылуы;

- халық мәдениетінің көркем шығармаларына жас оқырмандарды тарту;

- балалардың тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;,

- балаларды жүйелі түрде ктіап оқуға шақыру.

      Бөлімде балалардың қызығушылықтары бойынша клубтар құрылған:  «Бұлак» әдеби клубы, «Жасөспірім және заң» құқықтық студиясы. Психолого-педагогикалық коорекция кабинетімен іскерлік қарым-қатынас нығайтылған. Кітапханада «Өз өлкеңді таны» атты өлкетанушылық мақсатты бағдарлама жүзеге асуда.

Бөлім штаты:

Ашкенова Галия Ажбулатовна – ОАК БӘБ абонементінің кітапханашысы

Курносова Ульяна Романовна – ОАК БӘБ оқу залының кітапханашысы 

Турсунова Алмира Мелісқызы – ОАК БӘБ кітапханашысы