Айрыстаным, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,

Жел еркесі, желдің жайын кім сұрар!

 

(М.Жұмабаев)

 

Қазақстанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекесі болып табылады, себебі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңды қабылдады.

Бұл күн мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі болып табылады және еліміздің жетістіктерімен мақтану үшін маңызды мереке саналады. Тәуелсіздік күні Қазақстанда ресми түрде демалыс күні болып табылады.

Осы маңызды күнге орай 12 желтоқсан күні Железин аудандық орталық кітапханасы мен балалар әдебиеті бөлімі аудандық орталық кітапхана базасында «Бұл ызғарлы желтоқсан күндері...» атты әдеби-тарихи сағатын өткізді. Іс-шараға ТЖ қызметкерлері, мектеп оқушылар мен өз балаларының өнерін тамашалауға келген ата-аналар келді.

Жүргізушілер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы еске салған соң, оқырман балалар «Желтоқсан құрбандары» атты қойылым көрсетті. «Бұлақ» клубының қатысушылары көрермендерге Қайрат Рысқұлбековті үйінен алып кету сәті мен қатаң тергеу көрінісін жеткізді. Балалар студент Рысқұлбековтің ата-анасының алаңдаушылығы мен қайғысын, оның 1992 жылы қайтыс болғаннан кейін Халық Қаһарманы атағын алғанын әсерлі түрде көрсете білді.

Іс-шараның соңында балалар Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров және басқа да ақындардың жастар туралы жалынды өлең жолдарын тебіреніспен оқыды.

Біз өз елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таңдап, оның ең жоғары құндылығы адам екенін бекіттік. Бұл таңдаудың негізінде Тәуке ханның көрегендігі, Абайдың ұлылығы мен аңызға айналған билердің даналығы жатыр. Әрқайсымыздың жадымызда сол желтоқсан күндері мәңгі сақталады, ал жас ұрпақ Желтоқсан-86 батырлары: Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев және Ләззат Асанова есімдерін әрдайым құрметпен еске алады.

А.Естаева