Железин аудандық орталық кітапханасы

Аудандық орталық кітапханасының тарихынан

Железин аудандық орталық кітапханасының есігі 1937 жылы ашылды. Ауданымыздың кітапхана ісінің алғашқы серіктестердің есімдері тарихта қалған жоқ. Алғашқы кітапхана ғимаратының да орны белгісіз. Бірнеше байырғы тұрғындардың кітапхана туралы естеліктері ғана бар. Анастасия Васильевна Носикова (Лиханова) 1939 жылы ауылдың бұрынғы ғибадатханасында клуб болғанын айтады, «...онда кино көрсеткен, би өтетін, олимпиадалар жүргізілетін» — дейді ол кісі. Шамамен, осы ғимаратта кітапхана да болған.

Өлкетанушы Д.Е.Пашковскаяның (Проскурякова) естеліктері 40-шы жылдарына жатады. Ауылымыздың ауылдық клубын Николай Андреевич Ковалев басқарғаны оның есінде. Клуб Киров көшесінде тұрған, кітаптарды да содан алатын екен. Оның естеліктері Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының деректерімен дәлелденді. № 889 қорының құжаттарында «1912 жылы туған, Ковалев Н.А., ұлты орыс, білімі 7 класс, 1946 жылдан бастап ауылдық клубты басқарып отыр» деген жазу бар.

Анна Кузьминична және Александр Степанович Маковенконың естеліктері нақтырақ: «1945 жылы кітапхана Ленин көшесінде ескі аудандық мәдениет Үйінің қасындағы ағаш ғимаратта болатын. Онда Гагарина кітапханашысы жұмыс істейтін». Бұл орын орталық кітапхананың заманауи ғимаратына қарама-қарсы. Бүгінгі күні АМҮ ескі ғимараты да жоқ, ағаш ғимарат та жоқ. АМҮ ескі ғимараты 90-шы жылдардың басында бұзылған, ал ағаш ғимарат 2003 жылы жанып кетті.

Кітапхананың бір неше орны ауылымыздың басқа байырғылары — Михаил Васильевич Саваровский, Мария Лукьяновна Лущаева (Лиханова), Николай Андреевич Беликовтың есінде. Олар —"... Ы.Махметов тұрған Ленин көшесі (Ленина 38/1)", "... Калинин көшесі, 62«(қазіргі Желтоқсан көшесі) және басқалар.

Көптеген жылдар өтті. Соғыстан кейінгі заман ақырын жөнге келді. Кітапхананың бір ғимараттан басқа ғимаратқа көшуі тоқтатылды. 1954 жылдан 60-шы жылдарға дейін екі аудандық кітапхана: балалар және аудандық кітапханалары — аудандық Мәдениет Үйінде орналасқан. Содан соң аудандық кітапхана көпес П.Власовтың дүкен ғимаратына, ал орталық балалар кітапханасы бұрынғы балабақша ғимаратына көшті (қазір бұл кітапхананың заманауи ғимаратының артындағы тұрғын үй).

Осы ғимараттарда аудандық кітапханалар 80-ші жылдарға дейін орналасқан. 1980 жылы аудандық орталық кітапхана Железин райисполкомның әкімшілік ғимаратына көшті. 1986 жылы осында аудандық балалар кітапханасы да көшіп келді. Бүгінгі күні де АОК да, ОБК да осы ғимаратта орналасып отыр. 2005 жылы бұл ғимаратқа 70 жыл толады.

2012 жылы кітапхана күрделі жөндеуден өтті.

Кітапханалық қызметкерлер туралы. Железиндық мәдениет бөлімі бойынша жеке құрам бойынша бұйрықтар кітабынан алынған алғашқы мәліметтер (1953 жылға дейін — кинофикация бөлімі), 1949 жылдың жазына жатады. Осы кезде аудандық кітапхананы Вяль Лина Ильинична басқарды. Осы лауазымда 1965 жылдың мамыр айына дейін қызмет етті, содан соң оны партия райкомының парткабинетінің кітапханасына ауыстырады. Осы кезден аудандық кітапхананы Лебедева Эмилия Михайловна басқара бастады. Ары қарай кітапхананы Л.В.Крафт, Э.Н.Ведель (Омарова), Е.А.Фляум, А.И.Макишева, А.Н.Чикишева (Беликова) басқарған болатын.

2005 жылдан, құрамына аудандық кітапхана кіретін, «Железин ОКЖ» ММ М.Н.Адамова басқарып отыр.

Аудандық кітапхананың жұмыс жасап отырған жылдар бойы көптеген қатардағы қызметкерлер ауысты: П.В.Сертукова, С.Жагопарова, Л.Д.Долгополова, Р.Сапакова, З.Ф.Белоусова, А.А.Гримко, Ж.Тогтаганова, С.Н.Жидкова, О.А.Кирилова, П.Н.Муравченко, Л.К.Уманец, Тутучкина Г.В., Р.Б.Ракишева, Г.А.Козлова (Лапшина) және басқалар.

1968 жылдың 2 тамызынан 1994 қаңтар аыйна дейін аудандық кітапханада Е.С.Сұлтанова, ҚазЖенПИ (кітапхана факультеті) еңбектенді.

1973 жылдың 1 тамызынан 1987 жылдың тамызына дейін әдіскер болып Г.Ф.Саваровская (Тараненко) еңбектенді. 1973 жылдан Германияға кетерге дейін Е.А.Вольтман (Фляум) жұмыс істеді.

Жылдар өтіп келе жатты. Реформалар кітапханаларға да келіп жетті. 1979 жылы бұқаралық кітапханалардың орталықтандыруы басталды. Осы кезде кітапхананың кітап қоры 30 мыңнан астам кітап данасын құрайды. Орталықтандыруға ауысқаннан кейін, кітаптарды жинақтау және өңдеу бөлімінің ашылуымен, кітапханалардың қорды жинақтауға мүмкіндігі туды, қызметкерлер штатына жаңа мамандар алынды: балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер, библиограф, редактор.

Соңғы жылдары ірі, тату ұжым қалыптасуда.

1977 жылы орта мектепті бітіріп, кітапханаға М.Н.Адамова жұмсысқа тұрады. Осы жылы Ермак мәдени-ағарту училищесін тәмәмдап А.К.Шалтеева (Амренова) жұмысқа кірісті.

Л.С.Слугина да 1978 жылы педагог мамандығын кітапханашы мамандығына ауыстыруға шешім қабылдады.

1979 жылдың қазан айында Ермак МАУ кітапхана бөлімінің түлегі А.Н.Беликова (Чикишева) стационардан тыс қызмет көрсету бөлімінде қызметін бастаған.

Жеке мәселелердің арқасында М.Н.Апаева Железинкаға тұрақты тұрмысқа көшіп келді. 1992 жылы Шымкент мәдениет институтын сырттай тәмәмдап, бүгін де АОК әдістемелік бөлімінде еңбектеніп отыр.

1988 жылдан бүгінгі күнге дейін АОК қызмет көрсету бөлімінде Махметова С.И. жұмыс істейді.

80-ші жылдары АОК-де Кульбекова З.К., Жаманбалинова Р.А., Байтешева А., Кумагалова А.С., Варламова Е.Ю., Дьякова Л., Махметова У.К., Абенова Л., Майорова Р.Е., Раимбекова Г., Арынова С.К. сияқты қызметкерлер еңбектенді.

1988 жылы Ермак МАУ тәмәмдағаннан кейін әдістемелік бөлімде өз жұмысын Грау (Кроо) Г.П. бастады.

1953 жылдан 1974 жылға дейін кітапхана тазалығын Лидия Павловна Гусева бақылайтын. 1974 жылдан 1980 жылға дейін тазалаушы болып Тараненко Елизавета Карловна істеген. Содан соң бұл лауазымда Н.Котова, Е.Козлова, Е.Д.Боргардт еңбектенді. Бүгінгі таңда тазалаушы болып Э.Б.Боргардт жұмыс істеп жүр. Он бес жылдан астам оператор-машинист лауазымында К.К.Шайкова еңбектеніп жүр.

Кітапханаға соңғы кезде келдегн кітапханашылар: Токсабаева Г., Боромбаева Б.К., Амренова А.К., Садыкова А.С., Битенова Н. Б., Фахирслямова Р.Н.,әр ұрпақ кітапхана жұмысына жаңа әдіс-тәсілдер енгізді.

1989 жылы аудандар арасында өткен әлеуметтік жарыстардың қорытындысы бойынша кітапхана облыстық мәдениет бойынша комитетінің дипломымен марапатталған. 1992 жылы аудандық орталық кітапхананың әдістемелік бөлімі облыстық орталық кітапханаларының ұйымдастырушы-әдістемелік бөлімдер байқауында 1-ші орынға ие болды.

2005 жылы Железин орталықтандырылған кітапханалық жүйе (ОКЖ) заңды тұлға мәртебесіне ие болды. Осы кезден бастап бұл ұйым «Железин ОКЖ Мемлекеттік мекемесі (ММ)» деп атала бастады. Бұл мекемені, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген, Марғуаш Нұрқайдарқызы Адамова басқарып отыр. Оның мәдениет саласындағы жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.