Бұл күнтізбе анықтама-библиографиялық оқу құралы болып табылады, оның мақсаты – Железин ауданының атақты адамдары, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің оқиғалары туралы айтып беру. Көрсеткіш кітапхана қызметкерлеріне, оқырмандарға арналған. 2014 жылдан бері басылады.

17 қаңтар - осыдан 5 жыл бұрын (2011) Железин №20 кәсіптік лицейі (қазіргі №20 агротехникалық колледж) жаңа оқу ғимаратына көшті.


Бұл күн Железин № 20 КЛ үшін ұмытылмас оқиға – қоныс той. Қаңтар айының аязды бір күнінде, ұстаздар мен студенттер көптен күткен ғимараттың ашылу салтанаты өтті. Бұл салтанатты оқиға, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы дәуірінде салынған және пайдалануға тапсырылған ғимараттардың санын ашты.

Әдебиет: Бахтияров Х. Первое новоселье в юбилейном году. - Родные просторы. - 2011. - 22 января. - С.1,5, фото

14 ақпан - 75 жыл (1941) Железин ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері А.И.Прокопцовтың

Өзінің еңбек жолын А.И.Прокопцов 1958 жылда, «Победа» колхозының тракторшысы болып бастаған. 1960 жылдан 1963 жылға дейін Кеңес әскерінде қызмет етті. 1965 жылдан 1971 жылға дейін – аудандық сырттай орта мектебінің директоры. 1971 жылдан 1979 жылға дейін – «Озерный» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1979 жылдан 1984 жылға дейін – Железин аудандық халық депутаттар Кеңесінің хатшысы. 1984 жылдан 1991 жылға дейін – Қазақстан Компартиясының Железин аудандық комитетінің ұйымдастырушы бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан 2004 жылға дейін – Железин селолық округының әкімі. 2004 жылда зейнеткерлікке шықты.

Әдебиет: Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с.

13 сәуір - 5 жыл (2011) Лесной ауылында грек этномәдени ұйымы филиалының ашылуының

Әдебиет: Кадырова А. Открылся греческий центр. - Родные просторы. - 2011. - 16 апреля. - С.12

20 сәуір - 90 жыл (1926-2015) Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қоғам қайраткері, Железин ауданының Құрметті азаматы Әхметуәли Шәріпұлы Шәріповтың

1941-1945 ж.ж. болған Ұлы Отан соғысы басталғанда Ә.Ш.Шәріпов 15 жаста еді. Құжаттарын жөндеп, ол ауылдастарымен бірге майданға аттанды. Алғашқы соққыларды Орел облысында қарсы алған. Орел қаласын алған кезде жарақаттанып, госпитальға түседі. 2-ші Украина майданының құрамында жауынгер Шәріпов Корсунь-Шевченко топтасуын жоюда, Будапешт қаласын алуда қатысты. Екінші жарақатын Украинада, 1944 жылда Буг өзенінен тездетіп өткен кезде алды. 1945 жылдың 4 мамырына дейін Ә.Шарипов Чехословакияның Брно қаласында госпитальда жатып шықты, содан соң оған отанына барып қайтуына демалыс берілді. Жеңіс туралы хабарламаны ол поезде естіген болатын. Демалыстан кейін, ол әскеріне оралып, одан 1946 жылдың шілдесінде қайтты. Соғыстан кейін Ә.Ш.Шәріпов техникум және институт бітірді, халық шаруашылығының кәсіпорындарында түрлі лауазымдарда еңбек етті. 1965 жылдан 1973 жылға дейін Железин ауданының «Михайловка» совхозының директоры болып жұмыс істеді, ауыл шаруашылық өнімдерді дайындау және сапасын бақылау бойынша айдандық инспекцияны басқарды. Әскри, еңбек ордендары мен медальдарымен марапатталған.

Әдебиет: Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с.

1 маусым - 75 жыл (1941) Железин ауданының ішкі істер органдарының ардагері В.В.Рыбиннің

Әдебиет: Бахтияров Х. Его знают, уважают. - Родные просторы. - 2011. - 4 июня. - С.7, фото

10 маусым - 95 лет (1921-1994) кітапханалық іс ардагері, Қазақ ССР мәдениетіне еңбегі сінген қызметкер Тәуекел Күлбайұлы Рахмангуловтың

Т.К.Рахмангулов 1921 жылдың 10 маусымында Павлодар облысының Железин ауданында дүниеге келді. Колхоздарда түрлі лауазымдарда еңбек етті. «Прииртышский» совхозында есепші. Омбы облысының Шарлақ ауданында шаруашылық меңгеруші болып істеген. 1957 жылдан,Железин ауданының «Память Кирова»(қазіргі – Еңбекші с.) совхозында орналасқан, Енбекшілдерлік ауылдық кітапханасын басқарды. 1960 жылы Семей кітапханалық техникумын тәмәмдаған. Бұл, тіпті балаларға да «сіз» деп сөйлейтін мейірбан жанды адам еді. Туған ауылында оны қайырымды, адал азамат ретінде танитын. Ол кісі басқарған кітапхана «Үздік жұмыс кітапханасы» атағына ие болатын. Т.К.Рахмангулов көп жылдар бойы аудандық «Ленинское знамя» газетінің редакциясымен ынтымақтастықта болды. «Еңбек айбыны үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, көптеген грамоталар мен дипломдармен марапатталған. 1994 жылдың 7 қарашасында дүниеден өтті.

Әдебиет: 1. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Алматы: Эверо, 2003. - 677 с., фото, ил., карт, табл. 2. Калюжная И.А. - Родные просторы. - 2015. - 14 августа. - С.2 3. Баймаганбетова Б.Б. Патриот своей Родины. - Родные просторы. - 2012.

21 маусым - 20 жыл (1996) Железинка селосындағы, Свято-Троицк ғибадатханасының құрылыс басталған күннен

Железинка кентінің Свято-Троицк махалласының құрылуы 1994 жылдың 22 тамызында Высокопреосвящен Архиепископы Алексиймен басталған болатын. Сол кезде Павлодар облысының Железинка селосының қауымын Орыс Православты шіркеуінің аясына қабылдау және оны Алматы-Семей Епархиясының құрамына қосу орындалды. Жеке священникті тағайындағанға дейін шіркеуді Павлодар аймағының священнигі Александр Потебня басқарды. 1994 жылдың 15 желтоқсанында Сергей Казимиров Свято-Троицк ғибадатханасының священнигі болып тағайындалды. Оның бастамасымен жаңа ғибадатхананың құрылысы басталды. Кірпіш пен бетон тақталарынан типтік ғибадатхана салынды, оны 1999 жылы 24 тамызында Астана және Алматы Архиепископы Алексей ашты.

3 шілде - 50 лет (1966-1985) интернационалист-жауынгер Игорь Жуковтың

Железин ауданының Красновка селосында дүниеге келді, осында орта мектепті де бітірді. 1984 жылдың 11 қарашасында Железин аудандық әскери комиссариатпен әскерге шақырылды. Оқу орталығын тәмәмдағаннан кейін, Демократиялық Ауғанстан Республикасында әскери борышын өтеді. Әскери атағы – сержант, мамандығы – зенит кешеңінің операторы. Игорь Филиппович Жуков 1985 жылдың 10 маусымында, әскери тапсырманы орынған кезде қаза тапты. Қызыл Әскер(қайтыс болғаннан кейін) орденімен марапатталған.

Әдебиет: 1. Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с. 2. Чикишев И.Н. Чтобы помнили: /о воине - «афганце» И.Ф.Жукове/. - Родные просторы. - 2014. - 21 июня. - С.2

13 шілде - 50 жыл (1966-1986) интернационалист-жауынгер Николай Толстойдың

Николай Васильевич Толстой Железин ауданының Березовка ауылында дүниеге келді. Орта мектеп пен Омбы ГПТУ-56 тәмәмдаған. 1984 жылдың 20 қазанында Омбы қаласының Ленин аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылды. Жарты жыл бойы кәшә командирлерді дайындайтын мектепте оқыды. Кіші сержант атағында, ары қарай цскери борышын өтей үшін, Демократиялық Ауғанстан Республикасына жіберілді. Ауғанстанда взвод командирының орынбасары болып тағайындалды. 1986 жылдың 12 қыркүйегінде, әскери тапсырманы орындаған кезде қаза тапты. «Ерлік үшін», Қызыл әскер орденімен (қайтыс болғаннан кейін) мараптталды. Железин ауданының Березовка ауылында жерленді. Николай оқыған Березовка мектебінде, мемориалды тақта орнатылған, Березовка ауылында оның есімімен көше аталған.

Әдебиет: Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с.

14 тамыз - 55 жыл (1961) Железин жылжымалы механика бағаналары (ПМК-523) құрылуының

Әдебиет: 1. Проскуряков В.Н. Полувековой юбилей ПМК. - Родные просторы. - 2011. - 13 августа. - С.3, фото 2. Проскуряков В.Н. Гордись своей профессией…: /о Железинской ПМК-523/. - Родные просторы. - 2014. - №15-18, 21-24.

29 тамыз - 5 жыл (2011) сМихайловка ауылындағы ауылдық мәдениет Үйінің ашылуының

Әдебиет: Хамитов М.М. Открылся сельский Дом культуры. - Родные просторы. - 2011. - 3 сентября. - С.2, фото

30 қыркүйек - 50 жыл (1966-1985) интернационалист-жауынгер Андрея Дунаева

Андрей Александрович Дунаев Железин ауданының Славяновка ауылында дүниеге келді. 8 сынып және Омбы қаласының ТУ-45 бітірді. 1984 жылдың 22 қазанында Омбы қаласының Орталық аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылды. Әскери борышын елдің батысында шекара әскерінде өтеді. 1984 жылдың қарашасында бөлімшелерде іріктеу жүргізілген кезде, Демократиялық Ауғанстан Республикасына әскерге баруды өзі қалады. Қатардағы жауынгер, БТР жүргізушісі Дунаев А.А. 1985 жылдың 20 маусымында, әскери тапсырманы орындаған кезде, қаза болды. Қызыл Әскер орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталған. Железин ауданының Славяновка ауылында жерленді. Оның есімі көшеге берілді.

Әдебиет: Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с.

қыркүйек - 5 жыл (2011) Железин ауылында «Балапан» балабақшасының ашылуынан

 

қыркүйек - 5 жыл (2011) Уәлихан ауылында дәрігерлік пункттің ашылуынан

Әдебиет: 1. ...И будет медпункт в Валиханово. - Родные просторы. - 2011. - 3 сентября. - С.2, фото

қазан - 120 жыл (1896-1986) Қаз ССР Жоғары Кеңесінің бірінші жиналыс депутаты Қайырбек Салықұлы Салықовтың

Қ.С.Салықов 1896 жылдың қазан айында, Томск губерниясының Юдин болысының Каин уезінің Арын ауылында, кедей отбасыда дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын ол бақташы болып бастады, содан соң байлардың үйлерінде батырақ болып істеді. Купин ауданының Арын ауылы кеңесінің төрағасы, содан соң, Қызыл-Қазақ сельпоның төрағасы болып істеген. 1930 жылдың маусымынан 1935 жылдың наурызына дейін – Максим Горький райпотребсоюзінің төраға орынбасары. 1929 жылы бұқаралық ұжымдастыру кезде, Қайырбек Салықұлы колхозға кірді.

Үрлітөбе райпотребсозының, райисполкомының төрағасы, Казпотребсоюздың төраға орынбасыры болып еңбек етті.

Салықовтың депутаттық қызметі 1938 жылда, Қаз ССР Жоғары Кеңестің бірінші жиналысының депутаты атанған кезден басталды.

Бүткіл еңбек жолында Қ.С.Салықов белсенді қоғамдық еңбек етті. Өзінің еңбек табыстары үшін, ол бір неше рет мемлекеттік наградаларға ие болды. Қ.С.Салықовтың қызметі туралы толығырақ «Край Железинский» кітабынан біле аласыз.

Әдебиет: 1.Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с. 2. Жаманбалинов М. Жанайған өңір, қайңаған өмір /Железинка ауданы/. - Павлодр: ТОО НПФ «ЭКО», 205. - 227 б. 3. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. - Павлодар ЭКО, 2012. - 348 б.

11 қараша - 25 жыл (1991) Павлодар облысының Железин ауданының Мемлекеттік мұрағаты бөлімінің құрылғанынан

Әдебиет: 1. Калюжная И.А. Архив - ровесник Независимости. - Родные просторы. - 2011. - 12 ноября. - С.5, фото 2. Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с. 3. Бахтияров Х.М. Хранители. - Родные просторы. - 1996. - 13 января. - С.1, фото

14 желтоқсан - 5 жыл (2011) Железин № 20 КМ (№20 агротехникалық колледжі) «Бұлақ» мұражайының ашылуынан

Әдебиет: Бахтияров Х. ...И открыли свой «Родник». - Родные просторы. - 2011. - 31 декабря. - С.4, фото

Күні белгісіз:

110 жыл (1906) Михайловка метеостанциясының құрылуынан

Әдебиет: 1. Край Железинский/ Составители: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751с. 2. Калламова А. 105 лет наблюдая за погодой. - Родные просторы. - 2011. - 3 декабря. - С.3, фото. - (Человек и его дело)

Құрастырушы: Чикишева А.Н., ОКЖ әдіскері

Железинка, 2016