Бұл күнтізбе анықтама-библиографиялық оқу құралы болып табылады, оның мақсаты – Железин ауданының атақты адамдары, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің оқиғалары туралы айтып беру. Көрсеткіш кітапхана қызметкерлеріне, оқырмандарға арналған. 2014 жылдан бері басылады.

10 қаңтар – Қазақ ССР ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкер Друзик Иван Ивановичтің 80-жылдығы (1938). 

Ол 1938 жылдың 10 қаңтарында Михайловка селолық округының Благодатное ауылында туған. 1941 жылдан «Михайловский» совхозының Жолтаптық бөлімінде тұрады. Әскерден келгеннен кейін «Михайловский» совхозына № 2 Жолтаптық бөлімінің басқарушысы болып тағайындалды. Бұнда 1996 жылға дейін еңбектеніп, 1998 жылы зейнеткерлікке шықты.
1975 жылда «ҚазССР ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.
19 қаңтар – Ұлы Отан соғысының (1941-1945 ж.ж.) еңбек ардагері Лиханов Михаил Ивановичтің 95 –жылдығы «1923-2017 ж.ж.)
М.И.Лиханов 1923 жылдың 19 қаңтарында Железинка ауылында туған. Қаржы техникумын тәмәмдаған. Соғысқа дейін Григорьев дайындау пунктында жұмыс істеген.
1942 жылы майданға аттанды. Воронеж, содан соң 2-ші Украина майдандарында соғысқан. Сержант атағының иесі. Әйгілі «Катюшада» дәлдеуші болып жұмыс істеді. 1948 жылы демобилизациядан кейін банкте экономист болып жұмыс істеді.
Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, мерейлі медальдармен марапатталған. Қазіргі кезде Железинка ауылында тұрып жатыр.

Әдебиет:
1. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.1-я.– Павлодар: ЭКО, 2012. – 348 б. – (Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады)
2. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
3. Бахтияров Х.М. Наводчик знаменитой «Катюши»// Родные просторы. – 2013. – 26 января. – С.5.фото

22 ақпан  -  журналист, өлкетанушы, Қазақстан Конгрессінің Исполком мүшесі, Павлодар университетінің доценті Поминов Юрий Дмитриевичтің 65-жылдығы (1953).

1953 жылдың 22 ақпанында РСФСР Новосібір облысының Купин ауданында туған. Жазушы, облыстық «Звезда Прииртышья» саяси-қоғамдық газетінің журналисті. 
Оның еңбек жолыПавлодар өңірі, Омбы және Новосібір облыстарын қосып отырған, туған «Михайловский» тың совхозынан басталған.  Сол жерде, Железин ауданының «Ленинское знамя» газетінде басылған, алғашқы мақалалары жазылған. Бұл газетте мектеп бітіргеннен кейін, екі жыл жұмыс істеп, Ю.Поминов ҚазМУ журналистика факультетіне оқуға түседі. Оқуын үздік оқып, атаулы стипендия алып отырды, университеттік көп таратылымында жұмыс істеген, факультеттік «Камертон» қолжазба журналын редакциялайтын.
1977 жылы үлестіру бойынша, қызыл дипломмен «Звезда Прииртышья» газетіне келеді. Сегіз жыл ауыл шаруашылық бөлімде, сосын үш жыл – редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1988 жылы облыстық «Звезда прииртышья» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Оның басқаруымен Қазақстанның ең ескі газеті, республикамыздың ең табысты басылымдардың бірі болып қалыптасты. Бірер жыл бұрын, «Алтын жұлдыз» жоғары ұлттық журналистік премиясымен, сонымен қатар Қазақстанның журналисттер Одағының премиясымен марапатталған.
2008 жылы Ю.Д.Поминов Қазақстандағы орыс тіліндегі ең үздік газетінің редакторы ретінде, Г.И.Толмачев атындағы премиямен белгіленді. 2009 жылы оған «Қазақстан Республикасының құрметті журналисті» атағы берілді, ол – Қазақстанның журналисттер Одағының 1980, 2000 және 2003 жыл премияларының, «Қазақ әдебиеті - 2000» сайысының лауреаты.         Ю.Д.Поминов  -  «Простор» және «Нива» қазақстандық журналдарында, ұжымдық жинақтарда жарияланған көптеген очерктер мен мақалалардың авторы. Юрий Поминовтың онға жуық кітабы жарық көрді: Павлодар, Астана, Алматыда басылған, «Крупяной клин» (1990), «Помню и люблю»(1993), «Живу»(1998), «Мои современники»(1999), «Блёстки»(2003), «Между прошлым и будущим»(2002) және басқалары. Ю.Поминов өзінің «Хроника смутного времени. Записки редактора» хроникалық-деректі публицистік зерттеуін ең басты кітаптарының бірі деп санайды. Бұл трилогия ерекше, бұл кітап бойынша СССР ыдырау тарихын және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуын зерттеуге болады. 
Негізгі жұмысынан басқа, Ю.Д.Поминовтың басқа да әлеуметтік жұмысы бар.  Ол –  республикалық «Нива» әдеби-көркем және саяси-қоғамдық  журналы кеңесінің мүшесі (Астана қ.), Қазақстаның журналистер Одағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасы, Еуразия инновациялық университетінің доценті. 
Қазақстан Республикасының екі құрмет грамоталарымен, мерейлі медальдармен, «Павлодар облысының алдында сіңген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Шектес ресей аумақтардың журналисттерімен байланысты нығайтқаны үшін, Ресей журналисттер Одағының Новосібір облыстық ұйымымен бекітілген, «Отандық журналистика алдында сіңген еңбегі үшін» үшінші және екінші дәрежелі орденімен марапатталған.

Әдебиет:
Поминов Ю.Д. Блёстки. – Павлодар: ТОО НПФ «Эко»,2003. – 180с.
Поминов Ю.Д. Крупяной клин. – Алма-Ата: Кайнар, 1990. – 152с.
Поминов Ю.Д. Между прошлым и будущим. – Павлодар: ТОО НПФ «Эко», 2002. – 376с.
Поминов Ю.Д. Мои современники: несвоевременная книга. – Павлодар: ТОО НПФ «Эко», 1999. – 216с.
Поминов Ю.Д. Помню и люблю. – Павлодар: Тривиум, 1993. – 94с.
Поминов Ю.Д. Характеры. Блёстки. Лики эпохи. – Павлодар: Имидж Мастер, 1997. – 92с.
Поминов Ю.Д. Хроника смутного времени: Записки редактора/Ред. В.Р.Гундарев. – Павлодар: Дом печати, 2009. – 662 с.

1. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
2. Горская Н. Над схваткой: [о книге Ю.Поминова «Хроника смутного времени»] //  Звезда Прииртышья. – 2008. –  19 июня. – с.20. – (Книжный ряд)
3. Исаев Б.В. Книга для нас и о нас: [о книге Ю.Поминова. Хроника смутного времени»] // Звезда Прииртышья. – 2010. – 2 декабря. – с.14.
4. Поминов Юрий Дмитриевич // Павлодарское Прииртышье: энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – с.490-491.
5. Шарубина Т.Г. Успешный современник//Родные просторы. – 2013. – 23февраля. – С2, фото

18 наурыз – СССР ағартушылық Озаты, Қазақ ССР халықтық ағартушылық Озаты, «Құрмет белгісі» Орденінің кавалері, педагогикалық еңбек ардагері Ешматов Қайырбай Ешматұлының 85-жылдығы (1933 – 2008 жылдың 9 наурызы)

Қ.Е.Ешматов – Железин ауданы абай Ауылының тумасы. Орта мектепті бітіргеннен кейін Өндіріс, сосын Молотово ауылдарына мұғалім болып орналасты. Семей педагогикалық институтының сырттай бөлімін, содан соң Алматы педагогикалық институтының күндізгі бөлімін тәмәмдаған. Жоғары білімін алғаннан кейін, оған Жаңатаң жеті жылдық мектебінің директоры лауазымы бұйырды. Бұл мектептің жабылғанынан кейін, Қ.Ешматовты 19 партсъезд тың совхозына кешкі мектеп директоры лауазымына тағайындайды. 
Отбасылық жағдайына байланысты Железинка ауылына көшіп барады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық білім бөлімінде еңбектенген.

Әдебиет:
1. Нургалиева Ш.К. Слово о наставнике//Родные просторы. – 2008. – 19 апреля. – С.2, фото

2 сәуір – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, Железин ауданының құрметті азаматы Тәукелов Сләмбек Тлеуғабылұлының 70-жылдығы (1948)

Ол Павлодар облысы Железинка ауданының «Жаңабет» колхозында туған. Алматыда тұрып, еңбектеніп жүр. Экономикалық институтты тәмәмдағаннан кейін (1970) – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының директоры, ҚР мәдениет министрінің орынбасары және кино Госкомитеті бөлімінің меңгерушісі. ҚР кинематографисстер Одағының хатшысы және «Қазақкинофест» АҚ қосанжар төрағасы. 
1990 жылдан бастап кинорежиссер және сценарий жазушысы ретінде шығармашылық өнермен айналысып отыр. Оның «Қағажу» атты алғашқы фильмі, туған ауылы, жерлестерінің өмірі мен еңбегі туралы айтады. "Армысың, Наурыз!" (1997), «Мерейлі мереке», «Шаңырақ», «Тамырлар» (1999) фильмдері бар. «Батыр Баян» (1993) фильмі үшін С.Тәукелов Халықаралық кинематографисттер премиясының, сонымен қатар,Республиканың М.Жұмабаев атындағы жазушылар және кинематографисттер Одағының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Әдебиет:
1. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – 678с.

5 мамыр – Железин ауданының Құрметті азаматы Акиф Мамедович Гасановтың 80-жылдығы (1938) 

Армян Республикасының Иджеван ауданынының  Ахкухлу  ауылы - Акиф  Мамедович  Гасановтың отаны.  Колхозшылар отбасынан шыққан, ұлты азербайжан. 1955 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, туған жерінде екі жылдай бақташы болып жұмыс істеген. 1957-1960 жылдары Ереван қаласындағы ауылшаруашылық техникумда оқыған. Оны қызыл дипломмен бітірген ол, кіші зоотехник  мамандығын  алып шығады.
1962 жылдың наурыз айында комсомолдық жолдамамен Павлодар  облысына келеді. Өз мамандығы бойынша Успенка және Қашыр аудандарында жұмыс істеді. 1971  жылы  Семей қаласындағы  малдәрігерлік институтының сырттай бөліміне  түсіп  зоотехник мамандығын толық меңгереді. 1974 жылдан 1976 жылға дейін Қашыр  ауданық ауылшаруашылығы басқармасының Бас зоотехнигі, ал 1976 жылдың тамыз айынан 1982 жылдың желтоқсан айына дейін – Қашыр ауданының «Березовский» совхозының директоры болып еңбектенді. 1982 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың шілде айына дейін  Железин  аудандық атқару  комитеті  төрағасының бірінші орынбасары болып істеген. 1987-1989 ж.ж. – Железин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1989 жылдан 1998 жылға дейін «Червоноукраинский»  совхозын басқарған.
Қайта құру кезеңінде 1999-2006 жылдар аралығында Акиф Гасанов  «Береговое-Гасанов А.М.»  жеке  шаруа қожалығының басшысы. Қазіргі таңда құрметті демалыста. А.М.Гасанов – ауданымызда өткізілетін, қайырымдылық шаралардың белсенді қатысушысы.
«Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Алма-Аты және Қазақстандық Алексий Архиепископының атынан Құрмет грамотамен (1996), «Облыс алдында сіңіірген еңбегі үшін» («За заслуги перед областью») белгісімен марапатталған.

Әдебиет:
1. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
2. Бахтияров Х.М. Судьбы крутые повороты:(к 60-летию А.М.Гасанова)//Родные просторы. – 1998. – 1 мая. – С.3, фото
3. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.
4. «Мне в жизни везет на хороших людей»:интервью с Почетным гражданином Железинского района А.М.Гасановым. Записал Г.А.Державцев// Родные просторы. – 2008. – 1 мая. – С.3, фото

 1 маусым – Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі, Железин ауданының Құрметті азаматы Балтабай Ғалия Құсайынқызының  - 70 жылдығы (1948)

Ғ.Қ. Балтабай (Оспанова) Павлодар облысының Железин ауданындағы "Аққайың" /Комаровка/ ауылында туған. 1966 жылы Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап,  Әль-Фараби атындағы университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы "Аққайың"  (Комаровка) мектебінде мұғалім ретінде бастап,1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады.
1983 жылы Павлодар телерадиокомитетіне ауысады. 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады. 
Ғалия Балтабай жұмыс істеген жылдары Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды, 20 дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен.
1997 жылы  Ғалия Құсайынқызы Астана радиосына қызметке ауысады. Ол талай мәрте Қазақстан Респубьликасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған.
2001 жылы Ғалия Құсайынқызы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалық конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады.            

Әдебиет:
1. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.1-я.– Павлодар: ЭКО, 2012. – 348 б. – (Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады)
2. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
1. Жақсыбай Ә. Күрескер кызы қазақтың. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 324с.
2. Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір:(Железинка ауданы). –    Павлодар: ЭКО, 2005. – 227 бет.
3. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.

4 маусым – Қазақ ССР халықтық ағарту Озаты, өлкетанушы, Железин ауданының Құрметті азаматы Дина Ефремовна Пашковскаяның 90-жылдығы (1928-2016)

1928 жылдың 4 мауысымында Павлодар облысы Железин ауданында туған. Еңбек жолын 1948 жылы Железин орта мектебінде  орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып бастады. Осы жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбектенген. Д.Е.Пашковская – өз өмірін балалармен жұмыс жасауға арнаған адам, сегіз қырлы, қайырымды адам. Оның еңбегі елеулі іздерін қалдырды: көптеген дана ұрпақты тәрбиелеген, қиын мұғалім жұмысын жалғастырып отырған шәкірттер өсті. 1984 жылы зейнеткерлікке шығады. «Родной Железинки памятное сердце» атты 2-бөлімді кітабінің авторы. 

Әдебиет:

1. Баймаганбетова Б.Б. Люди счастливой судьбы: (о знаменитых земляках)//Родные просторы. – 1999. – 25 декабря. – С.2
2. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
3. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.
4. Сейтенова Х.М. Учительница незабвенная моя // Родные просторы. – 2008. – 31 мая. – С.3, фото
5. Сейтенова Х.М. Замечательный педагог, талантливый краевед // Родные просторы. – 2016. – 3 сентября. – С.2, фото

28 шілде – Қазақ ССР халық ағарту Озаты, Железин № 1 орта мектебінің директоры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Крутиков Николай Яковлевичтің 95-жылдығы (1923 – 1987)

1923 жылдың 28 шілдесінде Михайловка ауылында туған, Железин орта мектебін бітірді, еңбек жолын Веселотруд мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Майданға шақырылды. Демобилизациядан кейін Семей педагогикалық институтын «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдады, бірнеше жылдар бойы партиялық-шаруашылық жұмысын атқарған. 39 жасында мектепке қайта оралады. 1962 жылы кешкі орта мектептің директоры болып тағайындалады.
1964-1965 оқу жылдары Крутиков Н.Я. – Калинин (Еңбекші) мектебінің директоры. 1965 жылы 20 жыл бойы, зейнеткерлікке шыққанға дейін басқарған, Железин орта мектебінің директоры болып тағайындалады. 1968 жылы Железин орта мектебі ескі ғимаратынан жаңа, типтік, 694 орындық ғимаратқа көшеді.  1969 жылы 50 орынға мектеп интернаты ашылды, мектепке басқа мектептерден жеткізу ұйымдастырылды.
1969 жылдың қазан айында мұғалімдерге арналған сегіз пәтерлі үй пайдалануға тапсырылды. Н.Я.Крутиков жұмысында өзі де белсенді болатын, басқаларды да жандандыратын. Мектеп кабинеттік жүйеге көшті. Тәлімгерлік қолдана бастады. Н.Я.Крутиковтың қолдауымен мектепте тарихи-өлкетаным мұражай ашылды, оның ұсынысымен азат-жауынгер ескерткішінде, соғыстан оралмаған железиндіктерге арналған мәрмәр тақтасы орнатылған.           Железин орта мектебі, оқушылардың білімі бойынша ауданда үздік мектеп болатын. 1976 жылы мектептің үздік оқу-тәрбие жұмысы үшін, мектепке Қазақстанның УК ЛКСМ Белгісі берілді.
Мұғалімдер, ата-аналардың бастамаларымен, Железин ауданы әкімшілігінің 2008 жылдың 24 қыркүйегінде шыққан № 313/10 Қаулысымен, Железин орта мектебінің (бүгінгі – Железин № 1 ЖББОМ) ашылуынан 40-жылдығына орай, мектеп ғимаратының ауласында Крутиковқа арналған мемориалдық тақтасы орнатылған. 

Әдебиет:
1. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.

26 тамыз – Железин ауданының Құрметті азаматы Адамов Жолат Назымбекұлының 85-жылдығы (1933-08.03.2008)

Адамов Ж.Н. 1933 жылдың 26 тамызында, бүгінгі Кашыр ауданының аймағында орналасқан, Бектеміс ауылында туған. Білімі жоғары, 1973 жылы ЦК КПСС Сырттай жоғары партиялық мектебін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1951 жылдың қыркүйек айында Максим-Горький ауданының Байқоныс ауылының жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1952 жылдың маусым айынан бастап 1954 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан ЛКСМ Максим-Горький райкомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенген.
Михайловка депутаттар Кеңесінің нұсқаушысы, Үрлітөбе ауданының Михайловка ауылдық депутаттар Кеңесінің төраға орынбасары болып жұмыс істеген.
1961 жылдың тамыз айынан бастап 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Компартиясының Үрлітөбе аудандық комитетінің ұйымдастырушы бөлімінің нұсқаушысы болып істеген, 1963 жылдың қаңтар айынан 1964 жылдың сәуір айына дейін – нұсқаушы, 1964 жылдың сәуірінен 1965 жылдың қаңтарына дейін – Железин өндіріс басқармасының партия комитетінің ұйымдастырушысы, 1965 жылдың қаңтарынан 1969 жылдың қараша айына дейін – Железин ауданының «Веселая Роща» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1969 жылдың қарашасынан 1973 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Компартиясының Железин ауданының ұйымдастырушы бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенген.
1973 жылдың маусым айынан 1991 жылдың ақпанына дейін Жолат Назымбекұлы – Железин халық бақылау райкомының төрағасы, 1991 жылдың ақпанынан 1996 қазанына дейін – Железин аудандық статистика бөлімінің бастығы.
«Тың жерді игергені үшін» (1957), «Адал еңбегі үшін» (1980),  «Еңбек айбыны үшін», «Еңбек ардагері», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл»  алқаларымен марапатталған. Железин ауданының құрметті азаматы.

Әдебиет:
1. Адамов Жолат Назымбекович:Некролог//Родные просторы. – 2008. – 15 марта. – С.6, фото
2. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.
3. Памяти Жолата Назымбековича Адамова//Родные просторы. – 2013. – 2 марта. – С.8, фото

28 тамыз – Қазақ ССР халық ағарту Озаты, өлкетанушы Маковенко Вера Степановнаның 95-жылдығы (1923- 2015 жылдың 8 мамыры)

В.С.Маковенко 1923 жылдың 28 тамызында, Вятск губерниясының Нолин ауданы Соснино ауылында туған. 1941 жылы орта мектепті бітірді, бірақ басталған Ұлы Отан соғысы аңсаған армандарына жетуге мүмкіндік берген жоқ. Вера Степановна «Красная ночь» атты туған колхозында жұмыс істей бастады. 1943 жылдан бастап Нолин райисполкомының әскери қызметкерлердің отбасыларын мемлекеттік қамтамасы ету бөліміне жұмысқа орналасады.
Соғыс аяқталғаннан кейін В.С.Маковенко Киров педагогикалық институтына, география вакультетіне түседі де, оны 1949 жылы тәмәмдайды. Содан соң Киров облысы Лебяжье ауданының Ветошкино ауылына жұмысқа орналасып, осында алты жыл бойы еңбектенеді.
Павлодар облысының Железинка ауылына Вера Степановна 1955 жылы келеді. Ол кезде тың игеріле бастаған еді, жас қыз басымен жұмысқа кірісіпі кетті. Ауыл тарихына көп назар аударатын. Ауданның географиясын зерделей бастады: климат, гидрографиясын, жеріны, өсімдігін, жануарлар әлемін, халқын, шаруашылығын. Мектепте өлкетану үйірмесін ұйымдастырды.
1969 жылы Железин мектебінде өлкетану үйірмесі ашылды. Вера Степановна өзінің тәрбиеленушілерімен бірге көне бұйымдарды жинай алды: монеталар, әшекейлер, ыдыс, шіркеу мөрі, иконалар, қоңырау, зеңбірек ядролары. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы материал жиналған. Осы кезде үйірме қатысушылары туризммен айналыса бастады. Облсытқы туристік кездесулерге қатысқан, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.  
1974 жылы, зейнеткерлікке шыққаннан кейін, В.С.Маковенко өлкетану жұмысын пионерлер Үйінде жалғастырды. Бірнеше жылдан кейін, 1985 жылдың 8 мамырында Железин тарихи-өлкетану мұражайы өз есіктерін ашты. Мұражайда «Железин бекінісі», «Азаматтық майдан жылдары», «Ауданның коллективизациясы және индустриализациясы», «Жастар - тыңға» тақырыптары кеңінен ашылған.
Өзінің педагогикалық қызметі үшін, В.С.Маковенко грамоталармен марапатталған, Қазақ ССР халық ағарту Озаты болып отыр. Ол ауыл ішіндегі қоғамдық жұмысты белсене жүргізетін, Железин селолық Кеңесінің депутаты болып сайланған, аудандық соғыс және еңбек ардагрелері Одағының хатшысы болған.

Әдебиет:
1. Баймаганбетова Б.Б. Люди счастливой судьбы: (о знаменитых земляках)//Родные просторы. – 1999. – 25 декабря. – С.2
2. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
3. Бахтияров Х.М. Трудная судьба // Родные просторы. – 2008. – 13 сентября. – С.3, фото
4. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.
5. Маковенко Вера Степановна:некролог// Родные просторы. – 2015. – 16 мая. – С.7, фото

27 қыркүйек – Қазақ ССР халық ағарту Озаты Зайра Алдажаровна Омарованың 80-жылдығы (1938-2003)

Ол 1938 жылы Новосібір облысы Кыштовск ауданының Шмаковка ауылында туған. Еңбек жолы Железин орта мектебін бітіргеннен кейін, мұғалім мамандығынан басталған.
Семей педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Оның бүткіл өмірі халықтық білімге, педагогикалық қызметке арналған.

Әдебиет:
1. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.

5 қазан – Қазақ ССР ауыл шаруашылықтың Еңбек сіңірген қызметкері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, партия қызметкері,  Железин ауданының Құрметті азаматы Старусев Сергей Ивановичтің 95-жылдығы (1923 - )

Старусев Сергей Иванович – Башкортастанның Иглин ауданында туған. 1942 жылы Харьков әскери-авиациялық училищесін, 1949 жылы Таганрог ауыл шаруашылық механизация институтын тәмәмдаған. 1949 жылдан бастап Павлодар облысында жұмыс істеген. 1949-1972 ж.ж. – Шалдай орман шаруашылығында инженер-механик, Галкин Райзо меңгерушісі, Михайловка ХТС директоры, Павлодар ауыл шаруашылық және дайындама басқармасының бастығы, Ертіс аумақтық басқармасының бастығы, Железин партия райкомының төрағасы, Павлодар облисполкомы төрағасының 1-ші орынбасары, 1972-1985 жж. – Павлодар партиясының обком хатшысы, 1985-1991 жж. – облыстық ауыл шаруашылық техника қоғамы басқармасының төрағасы.
 Ленин орденымен және басқа да ордендармен және медальдармен марапатталған. Железин ауданының құрметті азаматы. 

Әдебиет:
1. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – 678с.
2. Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір:(Железинка ауданы). –    Павлодар: ЭКО, 2005. – 227 бет.
3. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.

14 қазан – Ұлы отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері Кузьма Иванович Чуйкиннің 95-жылдығы (1923)

К.И.Чуйкин Железин ауданы Михайловка совхозының Тайсойған ауылында туған.
1940 жылы 17 жасында Михайловка орта (ол кезде жеті жылдық) мектебін бітірді. Мектептен кейін туған колхозында комбайншы болып жұмыс істеді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Пехотада автоматшы болып қызмет етті.
1942 жылдың қараша айында Калмыкия, Ростов және Донецк облыстарын босатуға қатысты. 1943 жылдың 31 наурызында алғашқы жарақатын алып, госпитальға жіберіледі. Сауығып кеткеннен кейін оңтүстік-батыс майданында қызмет етіп, Харьков облысын босатқан. 28 тамызда екінші рет жарақаттанып, зақым алды. 1944 жылдың мамырында Астрахань қаласына біржылдық әскери-офицерлік училищесіне жолданып, сонда Жеңіс Күнін де қарсы алды.
1945-1947 жылдары Украинада, батыс шекарасында қызмет етті. 1947 жылы үйні жіберілді. Колхозында трактор бригадасының бригадиры, есепші, агроном, «Мирный» совхозының басшысы болып жұмыс істеді. 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Железин ауданының Михайловка ауылында тұрады.

Әдебиет:
1.Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)

25 қазан – Железин аудандық орталық балалар кітапханасының 65-жылдығы (1953)

Железин (Үрлітөбе) балалар кітапханасы Үрлітөбе аудандық мәдениет бөлімінің құрама бөлімшелерінің бірі ретінде 1953 жылдың қазан айында құрылған.
Балалар кітапханасының ашылу мезгілі еліміздің өміріндегі атаулы күн — тың дәуіріне тура келді. 1962 жылдың 15 желтоқсанында 14.12.1962 ж. шыққан № 564 бұйрығымен, қаражаттың жоғы себептен, Үрлітөбе балалар кітапханасы қысқартылды. 1962 жылдың желтоқсан айынан 1964 жылдың 1 сәуіріне дейін аудан орталығында балалар кітапханасы болған жоқ.
1964 жылдың 1 сәуірінде балалар кітапханасы өз есігін қайта ашты. 1979 жылдың қазан айынан Железин ауданының кітапханалары орталықтандырылған түрге айналды. Аудандық ауаткомының шешіміне сәйкес, Железин балалар кітапханасы аудандық орталық балалар кітапханасына айналды.
1980 жылы балалар кітапханасына Советов 43 көшесіндегі жылы да кең ғимарат (бұрынғы пионерлер Үйі және балабақша) берілді. Осында абонемент, оқу залы, кітап қоймасы, өлкетаным бөлмесі, кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету секторы, қосалқы бөлме жайғасты. 
1981 жылдың қорытындысы бойынша Железин балалар кітапханасы «Үздік жұмыс кітапханасы» атағына ие болды.
1983 жыл — кітапхана үшін мерейлі. Құрылудың 30-жылдығына орай және еңбекте жоғары көрсеткіштерге жету, әлеуметтік міндеттерді табысты орындау үшін, Железин аудандық балалар кітапханасының ұжымы, Железин аудандық мәдениет бөлімінің және кәсіп одақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1998 жылы — кітапхананың 45 жылдығы. Кітапханалық қызметкерлер «Кітапхананың 45-жылдығына арналады» атты мерейлі альбомды шығару үшін бар күштері мен еңбектерін салды.
2003 жылы кітапхана өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Ауданымыздағы балалардың оқу қабілеттерін дамытуға үлестерін қосқаны үшін және кітапхананың жұмыс тәжірибесіне жаңашылдықтарды еңгізу үшін, кітапхана ұжымына «LG» теледидары сыйға тартылды. 2005 жылдың қаңтар айынан Железин балалар кітапхана-филиалы «Железин ОКЖ» мемлекеттік мекмесінің бағынуында.

Әдебиет:
1. Адамова М.Н. 60 лет с детьми и книгой //Родные просторы. – 2013. – 3 августа. – С.5
2. Калламова А. Лоцманы книжного моря: (о коллективе центральной районной детской библиотеки) // Родные просторы. – 2013. – 26 октября. – С.4, фото. – (Железинской детской библиотеке  -  60 лет)
3. Чехова Н.С. С юбилеем, родная библиотека!// Родные просторы. – 2013. – 9 ноября. – С.6, фото

12 желтоқсан – мемлекеттік қайраткер, Павлодар облысының СССР Жоғарғы Кеңесінің әйелдер арасында тұңғыш депутат Гейко Анна Абрамовнаның 100-жылдығы (1918-1984)

А.А.Гейко Новокузьминка («Советский     Казахстан» совхозы, Железин ауданының қазіргі Жаңа жұлдыз ауылы) ауылының тумасы. Ол мұқтаждық көріп өскен адам. 1928 жылы анасы қайтып, бір жылдан соң – әкесі де ана дүниеге оралды. Ата-анасын жоғалтқан 11 жасар қыздың қолында екі бірдей бауыры қалған еді. Ол жалданып жұмыс істеп, сонымен қатар бастауыш мектебінде оқуын оқыған. Бастауыш мектепті 1929 жылы бітірген. Ары қарай оқуға мүмкіндік болған жоқ. Мал өсіру фермасында, егіншілер бригадасында жұмыс істей бастады.
1935 жылы А.А.Гейко «Веселый труд» колхозының басқарма хатшысы болып жұмыс істеді. Содан соң оны трактор бригадасының есепшісі ретінде тағайындады. Бұл жерде 1938 жылға дейін еңбектенді.
1940 жылы сүт-тауар фермасында жұмыс істей бастады. Көп ұзамай оны меңгеруші қылып тағайындады, кейіннен оны колхоз төрағасы  болып таңдалды. Қазақ ССР 25-жылдығына орай, облыстың озаттар тобы СССР ордендары мен медальдарымен марапатталды. А.А.Гейко Қызыл Еңбек Белгісі (1946) және «Ұлы Отан соғысында ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.   1949-1951ж.ж. – Павлодар партия обкомының мүшесі. СССР Жоғарғы Кеңес депутаты.
1950 жылдың шілде айында А.А.Гейко Михайловка райисполкомының орынбасары, содан соң «Веселый труд» колхозының басқарушысы болып қалыптасты. 1972 жылға дейін Успенка, Ертіс аудандарында түрлі қаржы және шаруашылық мекмелерде еңбектенген. 1972-1984 жылдары Павлодар қаласында тұрып, ардагерлер Кеңесінде белсенді жұмыс жүргізді.

Әдебиет:
1. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – 678с.
2. Соколкин Э.Д. Первая женщина-депутат // Ленинское знамя. – 1988. – 22 ноября. – С.3.

Күні мен айы белгісіз

- тамыз – Церковное ауылының құрылуынан 105-жыл (1913)

 Литература:
1. Мовчан В.Ф., Лятин Н.З. …И назвали село Церковным: (к 100-летию села Церковное)//Родные просторы. – 2013. – 4 мая; 18 мая; 1 июня; 15 июня. – С.2, фото
2. Трегуб В.И. …И назвали село Церковным: (к 100-летию села Церковное) //Родные просторы. – 2013. – 29 июня. – С.2, фото
3. Фоменко Н.И. А праздник был!: (к 100-летию села Церковное)//Родные просторы. – 2013. – 3 августа. – С.4, фото
4. Ханенко А. Славный юбилей столетнего села: (к 100-летию села Церковное) //Родные просторы. – 2013. – 27 июля. – С.4, фото

Социалистік Еңбек батыры Джусупов Жылқыбай Қайыргелдіұлының 85-жылдығы (1933-2008)

1933 жылы Павлодар облысы Железин ауданының Михайловка ауылында туған. 1951 жылдан 1954 жылға дейін Новосібір облысы Здвин ауданының «Алғабас» колхозында жұмыс істеген. 1957 жылдан бастап Павлодар облысы Железин ауданының «Озерный» совхозында таркторшы-комбайншы болып еңбектенді.
Ж.Қ.Джусупов тракторда да, комбайнда да жұмыс нормаларын асырып істеген. 1964 жылы ол трактор жұмыстарын 198 пайызға орындаған, ал 1965 жылы – 212 пайызға, 1966 жылы – 171 пайызға. Сол 1966 жылда Ж.Джусупов СК-4 комбайнымен 20 жұмыс күннің ішінде 637 га жер жинап, 726 тоннадан астам бидай бастырған.  
Жер орағы мен жер жыртуда үздік еңбегі үшін, 1967 жылдың 19 сәуірінде өткен СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен, Жылқыбай Джусуповқа Социалистік Еңбек Батыры белгісі берілді.

Әдебиет:

1. Балтабай Ғ.Қ. Туған жер перзенттері =Соль родной земли. Кн.2-я.– Павлодар: ЭКО, 2015. – 424б. – (Железин ауданы 80 жыл)
2. Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір:(Железинка ауданы). –    Павлодар: ЭКО, 2005. – 227 бет.
3. Край железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелева Л.В. – Павлодар: ЭКО, 2010. – 751 с.
4. Джусупов Жылкибай Каиргельдинович: некролог//Родные просторы. – 2008. – 7 июня. – С.10, фото
5. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – 678с.

орыс ғалым-педагогы, шығыстанушы, түркітанушы Костылецкий Николай Фёдоровичтің 200-жылдығы (1818-1869)

Омбы губерниясының Үрлітөбе станицасында, урядник отбасында туған. Сібір кадет корпусын тәмәмдағаннан кейін, Сібір әскери гимназиясының мұғалімі болып жұмыс істеді. Н.Ф.Костылецкийдің тәрбиеленушілері арасында - Ш.Уәлиханұлы, Г.И.Потанин, Ф.Н.Усов.  «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» поэмасын қазақ тіліне аударған. Павлодар қаласының бір көшесі 1991 жылы оның есімімен аталған.

Әдебиет:
1. Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір:(Железинка ауданы). –    Павлодар: ЭКО, 2005. – 227 бет.
2. Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы: Эверо, 2003. – 678с.

Құрастырушы:  «Железин ОКЖ» ММ әдіскері Чикишева А.Н.