Ағымдағы жыдың 2 наурыз күні  Железин ОКЖ-ң әдістемелік бөлімімен  «Кітапхана-online: дәстүрі сақтау және инноваяны дамыту» тақырыбы бойынша семинар –кеңес өтті.

       Іс-шараны «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры Каримова А.Т. ашты. Директор кітапханашыларды семинардың бағдарламасымен таныстырып, сөзді әдіскерлерге берді.

        Алғашқы болып ОКЖ әдіскері Кроо Г.П. бағдарлама бойынша «Кітапханалық жоспарлау-2021: бүгін өзекті» тақырыбына сөз сөйледі. Өз әдістемелік кеңесінде әдіскер кітапханашылардың цифрлік кестелерін толтырғанда  жіберетін қателерлін өзекті мәселе ретінде белгіледі.   

       Келесі әдіскер Чикишева А.Н. «Жылдың негізгі кітапханалық оқиғалары  – есепте» тақырыбында сөз алды.  

        Балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ әдіскері Умарова А.Е. «Жас оқырман: виртуалды кеңістіктегі тартылыс нүктесі» тақырыбында кітапханашылардың  келесі жылға, келесі шараларға жұмыс  жоспарлауды сөз етті.  Талдау анықтамасында әдіскер алда келе жатқан атаулы күндерге іс-шара дайындағанда тірек бола алатын кітаптардың, шығармалардың атауын атап өтті. Сонымен қатар, сөзінің соңында бейнеблог ретінде «Прочитал – рекомендую!» /буктьюберство/  және ата-аналарға арналған сайыс ретінде  «Менің балалық шағымының кітаптары атты сайыс өткізуді ұсынды.  

            ОКЖ библиографы Кабитова Г.С «Кітапхана қызметкерлерінің библиографиялық құзыреттілігі сапалы ақпаратқа қолжеткізу кепілі ретінде» тақырыбында кеңес-шолу жасады. Бұл тақырырп бойынша қызметкер библиографияның негізгі басты мақсаты болып қордағы бар кітаптарды насихаттау жұмысы  саналатыны еске салды.

        Әрі қарай  «Кітапхана-онлайн: жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндіктерн» тақырыбында ақпараттық-өндірістік сағат өтті. Сағаттың модераторы ОКЖ әдіскері Чикишева А.Н. болды. Кітапхананың онлайн жұмысы бойынша кітапханашыларға негізгі болып санатын мәселе- сайт. Сайттың мән-жайын түсінддіру және алда бірнеше бағыт бойынша  бес сайт ашылатыны жайында Кроо Г.П. айтып өтті.  

           «Кітапханалық желілілк қоғамдастықтарының мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша Чикишева А.Н.этика туралы,  желілік қоғамдастықтарда өзін-өзі қалай ұстау керек екенін сөз етті.

             ОКЖ библиографы Кабитова Г.С. «Web стиліндегі библиография» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмысын өткізді. Өз сөзінде Кабитова Г.С. қазіргі қиын эпидемиологиялық жағдайда Веблиобграфияның дамитын кезі келгенін тура айтты, себебі, ол виртуалды көрме, тізім, библиографиялық сілтемелер жасауға өте тиімді.

      Балалармен жұмыс жасау бойынша кітапханашы Чехова Н.С.  «2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу жылы» тақырыбында сөз қозғады.

                 Семинар-кеңестің соңында кітапханашылар «Өлкетанушылық аудио-видео гид» жобасы бойынш  жинақтаған материалдарын ұсынды.