Менің аты-жөнім - Бурамбаева Салтана.  Железин аудандық кітапханасында жұмыс істеймін. Шығармашылық тақырыбы менің өмірімде ерекше орын алады. Әрқашан өзіме бірдеңе жасауды немесе әртүрлі шығармашылық жобаларға, іс-шараларға қатысуды ұнататынмын. Жалпы, мен музыканы өте жақсы көремін және онымен барлығын  байланыстырамын. Кейде көңіл-күйге қарай  бірнеше жол өлеңін жаза аламын. Поэзия эмоциялармен күресуге көмектеседі.

Маған әрқашан қызықты нәрсе жасау ұнайды. Алдымен бұл қарапайым қолөнер, суреттер салу болды. Содан кейін уақыт өте келе портрет салумен айналыса бастадым, графика форматында  сурет салуды игердім.  YouTube-ке кіріп, түрлі техникаларда сурет салу үшін тегін мастер-класстарды қолданғанды ұнатамын.

2019 жылдан бастап мен алғаш рет өсімдік гүлдерін жасауға тырыстым. Ол кезде бұл жаңа, сәнді бағыт болды, және, негізінен, бізде Железинкада ешкім мұны істемеді. Қызықты болған соң жасап көруге бел будым. Бұл гүлдер изолоннан-  көбіктендірілген пенополиэтилен жасалады.   Ал, шеберлер одан интерьерді безендіру үшін демі сәндік гүлдер жасайды. Менің ең үлкен гүлім 2 метрдей  биік болды. Біреу сыйлық ретінде тапсырыс береді, біреу өз үйін сәндеуге алады.

Гүл жасау  идеясы  кездейсоқ пайда болды. Ютубта мастер-классты қарапа,  өзім жасауға бел будым. Жасап көрдім, өте әдемі шықты. Кейін көрген жұрттың көңілінен шыққан соң, олар қызығып тапсырыс жасай бастады. Мен осы кішігірім  бизнесті пайдалы деп санаймын. Әрине, бұл жұмыстарды орындау оңай емес. Сіз 1000 ватттан асатын құрылыс шаш кептіргішімен жұмыс істеуіңіз керек, кейде қолымды да күйдіретін күндер болды.  Қыз үшін көп ауыр және кейде қиын жұмыс. Бірақ нәтиже сізді тамсандырады.  Мен сұлулықты жасағанды ұнатамын және адамдарға жағымды эмоциялар әкелгенді керемет деп санаймын. Әлемде көптеген гүлдер бар, яғни алда әлі көп жұмыс бар.

Мәдениет саласында 8 жылдан астам уақыт жұмыс істей отырып, әрине, шығармашылық бейімділікті дамыту оңайырақ. Дегенмен, менің ойымша, егер сізде кем дегенде шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік болса, онда оларды пайдалану керек. Сіз не істей алатындығыңызды ешқашан білмейтіндіктен, кенеттен сіздің ішіңізде болашақ Коэльо, Ремарк немесе Микеланджело таланды  бар шығар.  Әлемді шабытыңыздан айырмаңыз.