Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

"Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни  1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Осыған орай Железин орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен жұмыс жасау бойынша кітапханашысы Кималиденова А.И. тақырып бойынша аудиотыңдалым ұсынды.