2025 жылғы 7 тамыз күні сағат 11:00-де «Шабыт» жастар және шығармашылық орталығының базасында аудандық кітапханалар оқырмандары арасында «Абайдың ұлы сөзі» атты аудандық оқулар өткізілді.

 

Ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы – халқымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңа биіктерге көтерген дара тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері ғасырлар бойы ұлт санасын тәрбиелеп, адамгершілік пен білімге ұмтылуға үндеп келеді. Абайдың мұрасы – әрбір қазақстандық үшін рухани бағдар.

 

Аудандық оқулардың мақсаты – ұлы ақын шығармашылығын насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және көркем сөз шеберлерін анықтау болды. Іс-шараға аудан кітапханаларының белсенді оқырмандары қатысты.

 

Нәтижесінде:

 

Гран-при иегері – Жұмагелді Айдана (БӘБ оқырманы);

 

І орын – Клышбай Каусар (БӘБ оқырманы);

 

ІІ орын – Сабырбек Даяна (Майлы ауылдық кітапханасының оқырманы);

 

ІІІ орын – Мураталиева Сабрина (Алакөл ауылдық кітапханасы) және Гизитулина Екатерина (Лесной ауылдық кітапханасы) бөлісті.

 

15-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында ерекше өнерімен көзге түскен – Актанбай Аида (Лесной ауылдық кітапханасы), ол домбырада шебер орындауымен ІІ орынға ие болды.

 

19 жастан жоғары жас санатында 4 қатысушы өз өнерін ортаға салды. Аталған санатта:

 

І орын – Расима Каримовна, Еңбекші ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Оның орындауындағы ән – нәзік те сырлы, жүрекке жететін шынайы өнер болды.

 

 

Сонымен қатар, Березовка ауылының қатысушысы Склярова Виктория Андреевна да ерекше атап өтуге лайық. Ол Абай өлеңін түпнұсқада жатқа оқып, мәнерлеп, сезіммен, әрбір сөзіне жан бітіре отырып жеткізді. Өкінішке қарай, бұл қатысушы әділ түрде марапатталмай қалғанымен, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

Қорытындылай келе, «Абайдың ұлы сөзі» атты аудандық оқулар – бұл тек байқау ғана емес, рухани тәрбиенің, ұлт мақтанышын дәріптеудің көрінісі болды. Абай сөзі – мәңгілік. Оның терең мағыналы мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін тағылым мектебі.