Ауданымызда эпидемиологиялық жағдайға байланысты кітапхана қызметінің   бұқаралық жұмыстары онлайн форматта жүргізіліп жатыр және  Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі 8 наурызға орай «Әйелді мақтан етеміз» атты виртуалды визитка ретінде құттықтаулар керуенін ұйымдастырды. Ауданымыздың  ер адамдарының міндеті – 8 Халықаралық әйелдер күніне бейне ролик дайындау.  

      Біздің хабарламамызға ауданымыздың Құрметті азаматы, еңбек ардагері  Прокопцов А.И. көңіл аударып, жауап қатты. Анатолий Иванович - кітапханамыздың белсенді оқырмандарының бірі, ОАК іс-шараларына белсенді қатысып жүр.

     Анатолий Ивановичтің жылы лебізі үшін алғысымызды білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.