Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Железин ОАК «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды шарасы өтті. Кітапхана ұжымы және «Бұлақ» атты балалардың әдеби клубының мүшелерінің қатысуымен Абайдың медреседен келген беті сахналық көйылым ретінде қойылды. Шара барысында ақынның «Көзімнің қарасы»әні айтылып, Абайдың өлеңдері  және қара сөздері оқылды.  Барлық іс-әрекет бейнеге түсіріліп, видео материал әлеуметтік желілерге жүктелді.

     Абай күні датасы 2020 жылда қабылданып, биыл екінші рет аталып отыр. Жалпы қауымды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл атаулы күн осыдан былай қарай жылда жылда белсенді меркеленеді деп сенеміз.