«Железин ОКЖ» балалар әдебиеті бөлімі Қазақстан жазушысы М.Етекбаевтың 85 жылдығына арнап, М.Етекбаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы бастауыш сынып оқушыларымен /Железин № 3 ЖОББМ/ «Алатау ертегісі» кітабы бойынша «Аспандағы әңгіме», «Томаға» атты ертегі әңгімелерін оқып, талқы өткізді. Әңгіме бойынша өткізілген шараны сұрақ –жауаппен бекітті.
Мақсаты: Жазушының кітабындағы кейіпкерлер арқылы балаларды табиғатты қорғауға шақыру. Ата – баба салтын ұмытпай ондағы дәстүр бойынша аңшылық рәсімдерді үйретіп, құсбегішілікке бейімдеуге тәрбиелеу.
Қорытынды: Балалар ертегідегі Найзатұяқ жаралы бүркіт бейнесі арқылы балаларды жан-жақты тануға Алатау өңірін мекендейтін жан-жануарлармен таныстырып білімдерін арттырды. Шара барысында берілген сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |