Туғаннан, өмір бойы біз кітап оқудың пайдасы туралы естимыз. Мектепте де, жоғары оқу орындарында да кітап оқу есті, тіл байлығын кеңейтеді дегенді үнемі айтып жүреді. Дегенмен де, біздің жақындарымыз, балаларымыз қажетті ақпаратты ҒАЛАМТОР желісінен алуға болатынын айтады. Иә. Бұл әдіс — заманауи әдіс, бірақ шүбәсіз әдіс емес. Кітаптың сарғайған қағазын иіскеп отырып оқығанға не жетсін. Әсіресе, алдыңызда ретро-қордың бір кітабы жатса.

Ретро басылымдарды оқуды жарнамалау және насихаттау мақсатында, Железин АОК библиографиялық бөлімімен электронды ақындық ревю дайындалды. Бірақ, шолуға көшпестен, мен сізге ҒАЛАМТОР беттерінен бір қызықты кітап жолықтырғанымды айтқым келіп тұр. Оның сыртында белгілі актер Джеки Чан үлкен кітап сөрелерінің алдында бейнеленген болатын. Ал астында «Бай адамдарда — үлкен кітапханалар болады. Кедей адамдарда — үлкен теледидарлар бар.» деген жазу бар. Бұл мағынасы кең жазу, мені ойға салды. Құрметті біздің қатысушыларымыз, сіздер де өзіңіз үшін пайдалы ақпарат таба аласыздар деп ойлаймын.

 ОКЖ библиографы  Курносова У.Р.