Алакөл ауылындағы  семинар

 

      Ағымдағы жылдың  5  қазан күні  Алакөл ауылдық кітапханасында «Кітапханалық социологиялық зерттеулер іс-әрекетті бағалау құралы ретінде» тақырыбындағы семинардың ІІ бөлігі өтті. Шараға  Башмачное, Прииртышск, Лесной, Озерный, Уәлихан, Еңбекші а/к қызметкерлері қатысты.  

     Алакөл ауылдық кітапханасы қонақтарды есігін айқара ашып, жылы қарсы алды. Жарық және кең кітапхана қатысушылардың көңілін бірден-ақ өзіне қаратып, әрі қарай жүргізілген жемісті істің негізі болды.  

      Алакөл а/к кітапханашысы  Джакина А.К.  өз жұмысын презентация түрінде баяндап,  осы жылы ашылған «Салауат» клубының жұмысына тоқталды. Бұл клуб зейнеткерлерді қамтып, олардың бос уақытын ұйымдастыру бағытында жұмыс жасайды.  

      Әрі қарай сөз ОКЖ әдіскерлеріне беріліп,  семинар оқырманның бос уақытын ұйымдастыру жайында талқылау сұхбатымен аяқталды.