Церковный ауылындағы  семинар

 

      Оқырмандық қызығушылықты көтеру және кітап оқудағы оқырмандардың сұранысын зерттеу мақсатында, сонымен қатар   кітапханалық қызметкерлердің санатын көтеру шеңберінде  ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі Церковное модельдік ауылдық кітапханасының таза және жарқын  Коммуникая Орталығына «Кітапханалық социологиялық зхерттеілер жұмыстың іс-әркетін бағалау инструменті ретінде» тақырыбында семинар өтті. 

       «Железин ауданының ОКЖ» КММ директорының м.а.  Балтабаева А. О.  семинарға қатысқан кітапханашылармен сәлемдесіп (Калкайдарова М.Т., Хаймульдинова Г.С., Молдабаева Ш.К., Мукашева Д.Т., Суханова Л.В., Шайдт Е.В.) семинар бағдарламасымен таныстырды.   

      Церковное ауылдында коммуникация орталығының ашылғанына міне, бір жыл болды.  Бүгін Шолпан Қайыргелдіқызы өз әріптестеріне  осы орталықты көрсетуге сәті түсіп,  өз жұмысының жаңалықтарымен таныстыру үшін барлығын абонементке шақырды: кітап көрмелерінің қасында үстелдің үстінде куар код жазылған ақ парақтар жатты, телефон арқылы ашылатын сканерден өткізіп қарағанда әлгі куар кодтардан кітаптың атауы, автор жайлы ақпарат ашылып, оқырманды қызықтырады.  

     Церковное ауылдық кітапханасының жұмысымен танысып болған соң,  Железин ауданының ОКЖ әдіскері Галина Пиусовна Кроо   «Кітапханадағы социологиялық зерттеулер» тақырыбына сөз алып, кітапханашыларға анкета секілді зерттеудің түрін ашып айтты.  

       Келесі әдіскер Бурамбаева С.А. «Кітапхана жұмысының тәжірибесінде социологиялық зерттеулер әдістерін қолдау» тақырыбына консультация-практикум өткізді.  Салтанат Агбаевна жуырда инстаграм парақшасына  жүктелген сұраудың анализімен таныстырып, кітапханашыларды өздігінше осындай анкета, сұраулар жасауға және әлеуметтік желіге жүктеуге  үйретті.  

       Балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ әдіскері Умарова А.Е. социологиялық зерттеулердің интервью түрімен тереңірек таныстырып, коммуникация орталығының иесімен осы форматта сұхбат өткізді.  Шолпан Қайргелдіқызы интервью форматында  өзі кітапханашы ісіне қалай келгенін және қандай кітаптар оқитыны жайында сөз етті.  

      Семинар бесенді өтіп,  қабылданған ақпараттық  игерудің  жолы  ретінде дискуссиялармен және тапсырмалармен күрделенілді.