30 тамыз - Ата заң Күні. Осы тақырып  төңірегінде Железин балалар әдебиеті бөлімі «Дала заңы – баба заңы»  атты интернет желісінде информминутка ұсынамыз.  Көрермендерге арнайы «Егемендік кепілі- Гарантия независмости»-  атты тақырыпта кітап көрмесі  безендірілді.

Железин аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Ашкенова Г.А.  көрме алдында  кітапханадағы атазаң туралы кітаптардан әдеби шолу жасап, соңында Қазыбек би бабамыздың  «Бала дауы»  атты аңыз әңгімесін оқып шықты. Шара мақсаты Балаларға , Ата заң туралы білімдерін, ой-өрістерін кеңейту. Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.Қазақ елінде  ғасырлар бойы  тарихи оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар халқы,  көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті. Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда  болғанын ұмытпау және оларды үлгі тұту әр болашақ ұрпақтың  басты міндеті.

>