Тұңғыш Президент күніне орай қызмет көрсету бөлімі "Дәуірдің дара тұлғасы" атты портрет кешін өткізді. Іс-шараға № 20 аграрлық-техникалық колледжінің студенттері шақырылды. Іс-шара Н.Назарбаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті лауазымындағы қызметі туралы бейнесюжеттерді презентациялаумен және көрумен сүйемелденді. Студенттер "Ұлт мақтанышы–Елбасы" атты кітап көрмесін тамашалады. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, олар қазақстандық патриотизмді, ел тарихына қызығушылықты, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышты тәрбиелейді.