Ағымдағы жылдың 29 маусымында домбыра күнін мерекелеуге орай Железин ОАК "Домбыра-аңызға айналған аспап" атты ұлттық мәдениет сағаты өткізді. Шараға мүмкіндігі шектеулі жандар, "Нұрлы мерей" ҚҚ тәрбиеленушілері қатысты.

      Іс - шара барысында "Алтын қалам" клубының қатысушыларымен қазақтың ұлттық аспабы-домбыраға арналған өлеңдер оқылды.