Біздің жауынгерлеріміз үйлеріне оралып, бұрынғы КСРО мен Ауғанстанды бөлген Аму-Дарья арқылы өтетін әйгілі көпірден өткен күннен бастап, мінекей, биыл  33 жыл өтті.

      Біз бейбіт көрінген уақытта, соғыстың отты беттерінен өткен замандастарымыздың ерлігін есте сақтауға міндеттіміз.

      Интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне орай Железин ОАК коворкинг-офисінде "Есте мәңгілік" атты ерлік сағаты өтті.

        Іс – шараға Железин ауданының интернационалист-жауынгерлері Жаналинов Айнабек Сергеевич, Каскирбаев Мейрам Бекежанович және Кашурный Александр Генадьевич шақырылды. Іс-шараның аудиториясы Железин аграрлық-техникалық колледжінің студенттері болды.

      Жас ұлдар біздің Тәуелсіз Отанымыздың қорғаушылары екенін білуі керек. Өйткені, Отанды қорғау – жігіттің  әрқашанғы қасиетті міндеті.

      1979 жылы желтоқсанда солдат бушлатын киген мыңдаған отандастарымыздың өздерінің ауған халқына көмектесуге деген ұмтылыстарында,  ешбір күмәнсіз, әскери борышын өтеуге асыққан еді.

       Жыл сайын 15 ақпанда біз Ауғанстанның қиын жолдарынан өткен жауынгерлерге құрмет көрсетіп қана қоймай, оларды азаматтық парызы жоғары, жауынгерлік ерлігі жоғары, әскери антқа адал адамдар ретінде болашақ жас сарбаздарға үлгі етеміз.

       Соғыс жолдарынан өткен сарбаздар өмірді бағалауды үйренді, нағыз ер достығын білді, ұстамдылық пен шыдамдылықты үйренді! Әскери борышын абыроймен орындаған Сарбаздар!