Ағым жылдың наурыз айында «Бір ел – бір кітап» балаларға арналған, мерейлі республикалық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастыру комитетімен Абай дәуіріне дейінгі қазақ ойшыл-ақыны Дұлат Бабатайұлының (1802-1874) шығармалары жалпы оқуға ұсынылды.

Д.Бабатайұлы қазіргі Семей облысы Аягөз ауданында кедей көшпенді отбасында дүниеге келді. Шешендік және ақындық өнер бәрінен артық бағаланған өлкеде өсіп, XV-XVIII ғ.ғ. қазақ ойшыл-жыраулардың шығармашылығынан, көне тарихи аңыздар мен эпикалық әңгімелерден ең жақсысын сіңіріп, Дұлат өз заманының ең білімді адамы болып танылды.

Дұлат Бабатайұлы – өлеңдері типографиялық әдіспен және кітап ретінде басылған, алғашқы қазақ ақыны. Оның кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрді.  Ол қазақ поэзиясындағы сықақ жазған алғашқы ақын болған. Ақынның өлеңдерінде шынайы өмір, хандықты тарату кезінде, болған әлеуметтік қайшылық көрсетілген. Ақынның 1500 астам жолы бүгінгі күнге дейін жетті, бағасыз рухани мұраға айналды.

Ақынның шығармалары түрлі уақытта, түрлі жинақтар мен хрестоматияларда басылған. 1991 жылы Дұлаттың «Заман сазы» жинағы жарық көрді.

«Железин ОКЖ» ММ кітап қорында Д.Бабатаұлының келесі шығармалары бар:

- Бабатайұлы Д. Туның тума. - Алматы: Раритет, 2002. - 288 б.;

- Бабатайұлы Д. Шығармалары. - Алматы: Ана тілі, 2013. - 296 б.;

- Бабатайұлы Д. Шығармалары. Өсиетнама. - Алматы: Раритет, 2003. - 288 б.

ОКЖ кітапханалары X «Бір ел – бір кітап» республикалық акция жұмысына белсенділікпен кірісті.

Чикишева А.Н., ОКЖ әдіскері