Павлодарда ағымдағы жылдың 2-3 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Игі істер марафоны" форумы салтанатты іс-шарамен аяқталды.

      Форумда Мемлекет басшысының құттықтау сөзі айтылды. "Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған "Игі істер марафоны" жобасының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл бізді игі істер жасауға жұмылдырған, адамдардың тағдырына бей-жай қарамауға үйреткен жалпыұлттық жоба",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына.

     Мемлекет басшысы өз сөзінде бір жыл ішінде бұл бастаманы 3 миллион отандасымыз қолдағанын атап өтті. Пандемия бүкіл әлемге таралып, адамдар арасында дүрбелең болған кезде, біздің халқымыз  бірліктің үлгісін көрсетті. «Көптеген қазақстандықтар өз қаражаты мен уақытын аямай, карантиндік шаралар кезінде табысынан айырылған адамдарға көмек көрсетті. Дәрі - дәрмектер мен медициналық жабдықтарды өз қаражатына сатып алып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізген азаматтар аз емес", - деді Президент.

        Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ең маңыздысы – игі істер марафонына бастама жасай отырып, Мемлекет басшысы қазақстандықтарға ортақ күш – жігермен қоғамдастық құруды ұсынды, оның басты құндылықтары - жомарттық, мейірімділік қағидаттары және адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге қарапайым адамның қалауы, - деді. Аида Балаева тәуелсіз сараптама комиссиясы еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам өтінімнен жаңа есімдер мен тұлғаларды іріктеп алғанын хабарлады.

      Онлайн-дауыс беру мен есеп комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша 5 номинация бойынша 51 жеңімпаз анықталды. Осы бес номинацияға біздің Железин ауданы да ие болды - орталық кітапхана жүйесі "Игі істер марафоны" жобасының "Ең мейірімді ұжым" номинациясында үшінші орын алды.

      Жыл бойы жүйе қызметкерлері қайырымдылық іс-шараларын өткізді, оның ішінде кітап сыйлау, көп балалы аналарға көмек, сондай-ақ зейнеткерлерге көмек, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету және т.б. Железин ауданының ОКЖ директоры Алтын Таңжарыққызы Каримова өз сұхбатында ОКЖ барлық қызметкерлерінің жалпы қайырымдылығы ұжымды одан да күшті біріктіргенін атап өтті.