"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Жаңажұлдыз  ауылдық кітапханасы "Золотая грива" өлкесінің археологиялық ескерткішіне экскурсия ұйымдастырды. Екі жыл бұрын қазба жұмыстары жүргізіліп, жұмыстардың нәтижесінде үлкен бөренелерден тұратын құрбандық ошағы болғандығы анықталды. Жануарлардың кесілген сүйектері табылды, бұл олардың жануарларды құрбандыққа шалғанын көрсетеді. Экскурсияға қатысушылар құрбандық ошағының бөлшектерін көрді. Алтын жалдың териториясында сақтардың отбасылық қорымдары саналатын 5 қорған бар.    
       Барлық қатысушылар экскурсия барысында белсенді түрде қатысып, жеріміздің өткен тарихына үңілді.  Шараға 25 адам қатысты. "Жұмабек" ШҚ басшысы Данияр Жұмабекұлы Бақауов демеушілік көмек көрсетті.