Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі шеңберінде Instagram әлеуметтік желісінде  jelezinkitaphanasu19 парағында  «Отанға деген сүйіспеншілікпен тыныс ал...» атты  патриоттық онлайн-сайысы өтті.  Instagram  желісінде бұл сайыстың ережесі алдын-ала жарияланды.

 Азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған   онлайн-сайыс кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятуды, патриоттық бағыттағы классикалық және қазіргі заманғы поэзия туындыларын насихаттауды көздеді.

Онлайн-сайысқа әр ауылдық аймақтың өкілдері ретінде 18 адам қатысты. Сайыс барысында Instagram желісінде  #районныйпатриотическийонлайнконкурс хештегімен 20  пост жарияланды.

Онлайн-сайыстың нәтижесі бойынша жиналған дауыстардың ең көп саны бойынша жеңімпаз болғандар:

1 орын – Даирбаева К.М., Озёрное а.

2 орын – Калкайдаров Д., Захаровка а.

2 орын – Морозова Л.В., Михайловка а.

3 орын – Шайдт Н.П., Актау а.

Авторлық өлеңді шын жүректен орындағаны үшін Весёлая Роща ауылының тұрғыны Бонова Н.А. көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды.

Барлық жеңімпаздар марапаттау қағазы  және қымбат сыйлықтармен марапатталды.