2016 жылдың 19 мамырында «Железин ОКЖ» ММ облыстық «Заманауи кітапхана: Тәжірибе. Дәстүрлер. Инновациялар» семинар-практикімға қатысты. Облыстық семинар-практикум барысында Железин Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Ольга Алексеевна Зданович «Есте сақтау үшін оқу» презентациясын ұсынды. Кітапханашы соғыс туралы көркем әдебиетті насихаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер: Амренова А.Ж.

 


Есте сақтау үшін, оқу (Железин балалар кітапханасының соғыс туралы көркем әдебиетті насихаттау бойынша тәжірибесі)

Жылдан жылға қиын қырқыншы жылдар алыстап барады. Сол ерлік оқиғаларды өсіп, өзгеріп келе жатқан ұрпаққа ұмыттырмайтын – естелік. Кітап беттерінде сақталатын естелік.

Ұлы отан соғысы туралы кітаптар жеңіл оқылып, сүйікті кітаптарға айналды. Бұл шығармалардың кейіпкерлері заманауи балалар мен жасөспірімдер үшін үлгі болып отыр.

Кітап пен оқырманды жақындастыру үшін, біз кітапханалық шараларды өзге сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, жұмыстың дәстүрлі әрі жаңа формаларын пайдаланамыз.

Оларға қоса, оқырмандарға қосымша білім алуға мүмкіндік беретін, көрмелер ұсынылады. Олардың арасында: «Зоя – ерлік пен даңқ поэмасы», «Соғыс туралы кітап оқимыз», «Күйінішті балалық шақ», «Бұл кітап мені толғантты», «Мы этой памяти верны».

Сайыстар және акциялар, марафондар мен фестивальдар, оқылған кітаптар бойынша сырттай викториналар. Осының барлығы, баулуға бағытталған шаралар циклын ұсынады.

Біздің кітапханамыз «И память книга оживит» аудандық соғыс кітабы фестиваліна қатысты. Біздің оқырмандарымыз Маргарита Алигердің «Зоя» поэмасынан үзіндіні ұсынды. Әдеби мәтін мен театрализация таңдалған шығарманы жақсы ашуға мүмкіндік берді. Театрландыруда басты рөлді белсенді оқырманымыз, «Бұлақ» клубының мүшесі Аужанова Айлана орындады. Топтық сахналауларға кішкентай оқырмандар мен оларпдың ата-аналары қатысты.

Фестиваль соғыс кітабын әйгілеу ісінде түрткі берді, оның артынан басқа, мағыналы жобалар өтті.

Көп ұзамай, кітапхана, «Бұл кітап мені толғантты!» атты соғыс жайлы оқылған кітап туралы үздік пікір сайысына қатысты. Бұл өте көлемді, мағыналы сайыс болатын. 35 адамнан астам пікір келді, 20 әдеби шығармадан астам жарияланған. Бұл сайысқа ауылдық аймақтардан, тіпті қалалық жерлерден балалар қатысты. Өздерінің жұмыстарында олар оқығанға пікірлерін айтып, өздерін кейіпкер орнына қойып толқығандарын жазды.

Олардың пікірлерімен танысып, біз оқырмандарымыздың әлеуетті мүмкіндіктеріне, наным табандылықтарына, сезімдерінің тереңдігіне көз жеткіздік. Соғыс кітаптары балғын оқырмандардың рухани тәжірибелерін нығайтады: көз алдымызда олар есейеді.

Өткен жылдың маңызды оқиғасы «Жеңіс гүлшоғы» Акциясы болды. Әр оқылған кітап үшін акция қатысушысына қалампыр макеті берілді. Нәтижесінде, оқылған кітаптардан «Гүлшоқ» жиналды, ол оқырмандарымыздың Жеңіске тартқан сыйлары болатын.

Акция қорытындысы бойынша «Жүрек пен кітаптардың ішінде – соғыс туралы естелік» ойын-викторинасы өтті. Бұнда балалар оқылған кітаптарын қорғап қана қоймай, қосымша бонустарға ие болуға мүмкіндік алды.

Акция жергілікті газет беттерінде, мектептерде, кітапхана сайтында жарияланды. Ол соғыс туралы кітаптардың оқырмандарға қызықты екендігін көрсетті. Акцияның өту барысында 70-тен астам кітап оқылды. Кітапхананың белсенді оқырманы Сницарь Дмитрий жеңімпаз атанды.

Осы жылы біз Самара облыстық кітапханасының бастамасын қолдап, «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты VII Халықаралық акцияға қатыстық. Жоба авторларының басты шарты – соғыс туралы үздік шығармалар акцияға қатысатын ұйымдардың барлығында бір уақытта дауыстап оқылуы қажет болды.

4 мамыр күні сағат 11-де кітапханамыздың оқу залында аудан орталығының үш мектебінің 3-4 сынып оқушылары жиналды. Акция «Біз соғыс туралы оқимыз» кітап көрмесін шолудан басталып, Лев Кассильдің «У классной доски» әңгімесін оқумен аяқталды. Шара оқығанды талқылаумен аяқталды.

Жобаның авторларына өткізілген шара туралы есесп жіберілді, оның артынан қатысушы дипломы келді.

Осындай шараларға қатысу – соғыс туралы кітаптар мен оқырмандарды жақындастыратын қүрал. Бұл дәстүрді жалғастыру жөн деп санаймыз.

Жасөпірімдер арасында жұмыстың пікірталас формалары пайдаланады. Олар шығарманың мәтінін ашып қана қоймай, нақты бір тақырыпқа назар аударуға мүмкіндік береді.

Кезінде Б.Полевойдың «Повесть о настоящем человеке» кітабы балалардың назарын жаулап алған. Сол кезде бұл кітап оқылып, талқыланды. Содан бері, осындай кездесулер жиі болып тұратын болды. Әсерлі әңгімелер ұл-қыздарымыздың жадында мәңгіге қалады. Олар Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесін талқылау, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабы бойынша оқырман конференция, Мұхтар мағауиннің «Бір әкенің балалары» повесі бойынша толеранттық сабағы.

Балалардың талқылауға белсене қатысқандары, өз пікірлерін қорғағаулары қуантады. Біз осының барлығы оларға қаншалықты қызық екенін көріп, осындай формаларды жасөспірімдермен жұмыс жасауда пайдалануға тырысамыз.

Біздің оқырмандарымыз соғыс туралы көркем, мемуаралық әдебиетпен бар шығармашылықтарын салып жұмыс істейді. Бұнда Павлодар облысының Естелік Кітабының орны ерекші. Бұл көптомдық басылымға енген, жерлестеріміздің ерлігі туралы материалдар,аудандық «Полотно победителей» акциясының қатысушыларына көмек көрсетті. Балалар үлкен іздеу жұмысы өткізді, туған-туыстарының шайқасқан орындарын көрсетті, олардың әскери наградалары туралы ақпаратты нақтылады. Алынған ақпарат өз қолдарымен қызыл матаға жазылды.

Акцияға қатысқандардың көбі Жеңіс Паркінде өткен салтанатты митингте өз маталарын ұсынуға мүмкіндік алды.

Біз қолданылатын библиографиялық ойындар, балаларды кітапқа баулудың тағы бір құралы болып отыр. «Соғыс жолдарымен» библиографиялық сахат соғыс кітабын білгішті анықтауға мүмкіндік берді. Кітаптардың арқасында, балаларсоғыс жолдарымен жүріп, Ұлы отан соғысының хроникасын қалпына келтірді, әдеби шығармалардың авторлары мен батырларын еске алды. Сұрақтар, әскери үшбірш түрде бүктелінген қағаз беттерінде жазылды. Үзілісте балалар алынған ұпайларын санады. Нәтижесінде, кітап және кітапхана қызметкерлерімен бірге «әскери» жолмен 36 оқырман жүріп өтті.

Бірақ, біздің қызметіміз осымен аяқталмайды. Күн тәртібінде – Үлкен Балалар Оқуын өткізу үшін кітап таңдауы тұр. Ол қандай кітап болатының тек уақыт көрсетеді. Ал, әзірше, біз жұмысымызды жалғастырып, балаларды оқуға баулуға тырысамыз.

«Уақыт машинасы» болмаса да, сол сұрапыл жылдарды елестетуге, өткен соғыстын иісін сезінуге мүмкіндік беретін кітаптар бар. Бұл ерлік, қатігездік, махаббат пен үміт кітаптары үнемі оқылады дегенге сенеміз. Себебі, бұл осындай тынымсыз уақытта өте маңызды.


Железин ОБК аға кітапханашысы ЦДБ Н. Чехова