Бастауыш және кәсіби білім оқушыларына, арнайы пән

мұғалімдері үшін көмекке, жаңа кәсіби

әдебиет шолуы

 

 

Қымбатты оқырмандар!

          Назарларыңызға, кітапханамызға келіп түскен «Кәсіби білім» сериясынан орыс тіліндегі жаңа кітаптарды ұсынамыз.

 

 

 Бартенев И., Боченин В. Производство и монтаж сварных инструкций: Учебное пособие /Игорь Анатольевич Бартенев, Владимир Иванович Боченин; ред. А.Сураганова/ - Астана: Фолиант, 2014. - 232 с. - (Профессиональное образование)

     Бұл оқу құралында өндіріс механизациясы мен автоматизациясын кең пайдаланумен дәнекерленген құрылыстың негізгі аспектілері ұсынылған. Ең бастысы дәнекерленген құрылыстарға байланысты, ұсақ сериялы, сериялы және ірі сериялы өндріс арқылы конструкцияның жеке түрлеріне байланысты сұрақтарды зерделеу, еңбек өнімділігін жоғарлату мәселелерді қарастыру, материалдар мен энергияны үнемдеу, дәнекерлеу әдістерін пайдалану тиімділігін анықтау.

Ермеков Н. Информатика: Учебник /Нурмухамбет Турлынович Ермеков; ред. С.Сагитова/ - Астана: Фолиант, 2015. - 288 с. - (Профессиональное образование)

        Бұл кітапғы материал көптеген суреттер, схемалар, түрлі практикалық тапсырмалармен баяндалған. Қаралатын ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын бекіту, практикалық және өзіндік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

 

Айтимов А., Катаев Е. Электротехника: Учебное пособие /Аксерик Сарыевич Айтимов, Ердан Советович Катаев; ред. А.Сураганова/ - 2-е изд., доп. и перераб.- Астана: Фолиант, 2015. - 192 с. - (Профессиональное образование)

       Бұл оқу құралында тұрақты және айнымалы токтың, магниттік тізбектердің талдау әдістері мен есебі, электр, магниттік және электрлік емес шамаларды өлшеу құралдары, трансформаторлар мен электр машиналары қарастырылған. Электр машиналарының құрылымы және теориясы, олардың стационарлық және өтпелі режимі ұсынылған. Бөлімдердің бәрінде сұрақтар мен тапсырмалар бар.

 

Жолдасбекова С.А., Изтилеуова А.Ш., Ыскак А.И., Райымкулов А.Д., Кубенов М.А. Народные ремесла: Учебное пособие /Сауле Абдразаховна Жолдасбекова, Азиза Шамековна Изтилеуова, Акима Иманбековна Ыскак, Айнаш Дастановна Райымкулова, Мухан Абдрашевич Кубенов; ред. С.Уралова/ - Астана: Фолиант, 2013. - 264 с. - (Профессиональное образование)

         Бұл оқу құралында қазақ халқының көркем қолөнері мәдени мұраның негізгі бөлігі ретінде қарастырылған. Оқу құралына теориялық білімдерді практикада пайдалануға, халықтық мәдени көркем қолөнері – кілем тігу, тоқымашылық, тоқу және тігу, ағашты ұқсату өенрін түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтара мен тапсырмалар еніп отыр.

 

Хмеленко В. Токарное дело: Практикум /Хмеленко Владимир Васильевич; ред. Г.Уналбекова/ - Астана: Фолиант, 2010. - 344 с. - (Профессиональное образование)

      Бұл оқу құралында автор металл қасиеттері туралы мәселелерді қарастырады; түрлі-түсті металл қорытпасы және болаттың термикалық өңдеуі туралы мәліметтер береді, қорытпа таңбасын, оларды өңдеуде конструкциялық материалдарды ретінде пайдалануды  негіздейді. Кітапта өзара алмасқыш сұрақтары қарастырылған; металлды кесу элементтері, кесуде қозғалыс түрлері, токарлық кескіш түрлері, кескішті қайрау әдістері ұсынылған, сонымен қатар металл кесетін құралдардың негізгі механизмдерінің классификациясы мен құрылымы сипатталған. Әр бөлімде тақырыпты түсіну үшін тапсырмалар, сұрақтар берілген.

 

Драбинская О. Кондитер: Учебное пособие /Ольга Викторовна Дробинская; ред. С.Уралова/ - Астана: Фолиант, 2015. - 256 с. - (Профессиональное образование)

         Кітапта санитария және гигиена мәселелері, ұн өнімдері жасауда технохимиялық бақылау және есеп әдістері  сипатталған. Ұн өнімдерінің топтамасы және сұрыптамасы, шикізат сипаттамасы, түрлі жартылай дайын өнімдерді және дайын өнімдерді дайындау технологиясы, сонымен қатар, сапа талаптары қарастырылған.

 

Шуркин А. Зоотехния: Учебное пособие /Алексей Иванович Шуркин; ред. А.Шаяхметова/ - Астана: Фолиант, 2010. - 216 с. - (Профессиональное образование)

         Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясына ауыл шаруашылық жануарларды өсіру және азықтандыруды зерттеу мәселелері, мал өсірудің жеке ішкі салалаларының өнімдерін өндіру технологиясы еніп отыр.  Ол – мал өсіру, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, қой өсіру, шошқа өсіру, құс өсіру, омарташылық, балық шаруашылығы және қоян шаруашылығы.

 

Оразтаева З. Агробизнес в Казахстане: Учебное пособие /Зайкен Бекимовна Оразтаева; ред. Б.Кудасова/ - Астана: Фолиант, 2009. - 120 с. - (Профессиональное образование)

        Бұл оқу құралында, республикамыздағы агробизнесті дамытудың бүгінгі күйі көрсетіледі, шаруа қожалығының мәселесімен жеке кәсіптік қызметтің экономикалық тиімділігін ұйымдастыру, жоспарлау және жоғарлату бойынша мәселелердің практикалық шешімдері қарастырылады. Бұл құралда республикамыздағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің даму күйіні бойынша материалдар, фермер шаруашылығының шетел тәжірибесі, бизнес-жоспарды құру бойынша лабораторлық-практикалық тапсырмалар, оқушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар, әр бөлім бойынша бақылау жұмыстар бар.

 

Казиева Р. Основы бизнеса: Учебник /Раиса Каримовна Казиева; ред. Б.Кудасова/ - Астана: Фолиант, 2008. - 368 с. - (Профессиональное образование)

      Оқулықта бизнесті нарық экономикасының жағдайында ұйымдастырудың теоретикалық және практикалық мәселелер сипатталған. Қабылданған ережелерді, кәсіби қызметтің заңнамалық негізін білу, сонымен қатар бизнестегі табыс пен сәтсіздік сабақтары, құқылы түрде оның негізі болып саналады.


 

Искаков С.И. Технология лесовыращивания в Казахстане: Учебник /Серго Ильясович Искаков; ред. Б.Тасмухамбетова/ - Астана: Фолиант, 2007. - 216 с. - (Профессиональное образование)

       Орман және орман дақылдары – бұл еліміздің байлығы, дегенмен де, табиғат құралдарын қарқынды игеру және антропогендік жүктеме салдарынан, аумақтардың шөлдену, топырақтың азуы, өсімдік және жануар әлемінің жойылу процесстері күшейіп келеді. Айналадағы ортаны қорғау бүгінгі күні өте маңызды мәселе, мемлекеттік маңызы бар міндет болып саналады. Оның мақсаты – орман қорларын тиімді пайдалану, республика аймақтарының ормандылығын жоғарлату мақсатында орман өсіру. Қазақстандағы орман өсіру технологиясы бұл құралда өте толық сипатталған. Автор апробациясын Қазақстанда өткен өзінің ғылыми зерттеулеріне  сүйенеді.

Яшков В. Организация и технология ремонта линий электропередач и электрооборудования: Справочник /Владимир Александрович Яшков; ред. Б.Кудасова/ - Астана: Фолиант, 2009. - 248 с. - (Профессиональное образование)

         Анықтамалықта электр беру желісі мен 1000 В-қа дейін және жоғары электр жабдықтарын жөндеуін ұйымдастыру және технологиясы бойынша мәліметтер берілген. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кездегі қауіпсіздік бойынша жалпы мәліметтер сипатталған.

 

Абдигалиев М., Мырзашев С., Шотан С. Машины и оборудование в жилищно-коммунальных хозяйствах: Учебник /Мухтарбек Абдигалиев, Сагатбек Мырзашев, Сатжан Ибрайханулы Шотан; ред.Н.Шаяхметова / - Астана: Фолиант, 2010. - 184 с. - (Профессиональное образование)

         Оқулықта механика жұмыстарын өндіруде пайдаланатын, тұрғын-коммуналды шаруашылыққа арналған машиналар мен жабдықтар туралы мәлімет ұсынылған. Машиналар мен жабдықтардың құрылымы, жұмыс қағидасы және пайдалану саласы қарастырылған.


 

Бұл кітаптарды аудандық орталық кітапхананың абонементінен ала аласыздар.

Кітапханамызға қош келдіңіздер!

Кітапханашы: Манабаева А.Д.