1941-1945 ж.ж. болған Ұлы Отан соғысы — көркем әдебиеттің сарқылмас тақырыбы. Соғыс туралы жазылған кітап көп. Кейбір көркем шығармалар соғыс жылдары, ал кейбіреулері — соғыстан кейін жазылған. Бұл кітаптар соғыс жылдарының қайғылы оқиғаларына, адамдардың азабына толы.

Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған кітаптар мен олардың авторларын, сол сұрапыл жылдарды еске алайық. Зеңбірекке тіл біткенде, муза іштен тынады.

1941 жыл. Майдан. Бұл өте қиын, алапат мезгіл болды. Қалалалар ойран болып, ауылдар жанып, адамдар қаза болып жатты. Бұл майдан көп қиыншылық пен қайғы әкелді, бірақ балаларға ең қиын болды. Олар тым ерте ересек болуға мәжбүр болды, ол балалардың мойындарына ауыр жүк түсті. Сол сұрапыл мезгілдің ұлдары мен қыздары үлкендермен бірдей майдан қиыншылықтарын бастарынан кешкен, майданға кеткен аға-көкелерінің орнын басып, партизан жасағында барлауға шығып қолдарына қару ұстап соғысқан. Фашисттер алып алған украина жерінде болған, партизан жасағында көп уақыт бойы соғысқан қазақтың баласы туралы Қасым Қайсенов өзінің «Жау тылындағы бала» повесінде айтып берген болатын. Қасым Қайсеновтың өзі арнайы тапсырмамен Украинаға, Ұлы Отан соғысының батыры С.А.Ковпактың партизан құрамасына жіберілген, сол жерде ол Серік Мергенбаевпен танысқан болатын. Он жасар партизан туралы әңгіме — бұл бастарынан «соғыс балалық шағын» өткерген, бір тұтас ұрпақ балалары туралы әңгіме. Серікті жетім қылғандай, соғыс олардың көбін жетім қалдырды...

Ұлы Отан соғысы басталған кезде, Александр Бек әскери тілші болған. «Волоколам тас жолы» кітабы 1942 жылы төрт повестің циклы ретінде ұйғарылды. Немістердің Мәскеуге желтоқсан шабуыл жасаған күндері, жаңа әскери саясатты әйгілеу, соғыс тарихында белгіленген, өзінше классикалық панфиловшылар шайқасы — «Волоколам тас жолының» тақырыбы. Жазушының жауынгерлермен сұхбатында, айқаймен емес, санасымен әсер тигізе алатын, сыпайы қатардағы жауынгер, Мәскеу маңында қаза тапқан Панфиловтың кейібі қалыптасқан. Қаламгерге «Әңгімелейтін, кітаптың басты кейіпкерінің түптұлғасы кім? Бұл кітаптың кейіпкері ойдан шыққан тұлға емес па?» деген сұрақтар үнемі қойылатын. Ал қаламгер былай деп жауап беретін: «Волоколам тас жолының» басты кейіпкері, ойдан шыққан емес, нақты бар тұлға«. Оның есімі Бауржан Момыш-ұлы, ұлты қазақ. Ол аға лейтенант, Мәскеу маңында болған шайқастың панфиловшылар батальонын басқарған адам.

Бориc Васильевтың белгілі шығармаларының бірі «А зори здесь тихие» повесі. Бұл шығармада орыстың жері 1942 жылдың мамыр айында сипатталған. Васков старшинасы басқарып отырған горнизонға зенитші-қыздар взводын жібереді. Қыздар оқуларын бітіре салысымен, жақында майданға жіберілген, олардың көңіл-күйлері көтерінкі. Васков майданға қыздардың қатысқанына наразылығын білдірді, бірақ кейіннен қыздарға бауыр басып қалады. Қыздар соғысу емес, бала туу үшін жаратылған деген, повестегі ой, басты болып табылады. Барлық зенитші-қыздар — ең алдымен тұқымды жалғастыратын, дүниеге бала әкелетін аналар.

Б.Васильевтің «Завтра была война» повесі 1972 жылы жазылған және «А зори здесь тихие» повесімен қатар Ұлы Отан соғысының табиғаты туралы үздік шығармалардың бірі болып табылды. Повес соғыс қарсаңында болған оқиғаларға толы. Ол 9 «Б» сынып оқушылары туралы, олардың сақалануы мен қалыптасуы туралы, достық пен махаббат, ең алғашқы өнегелі таңдау туралы айтып береді. Олардың зымырап өтіп жатқан, соғыс болып жатқан себептен тым қысқа, жастық шақтары туралы. ...

А.Дударевтің «Не покидай меня» драмалық пьесасы Б.Васильевтің «А зори здесь тихие» повесімен ұқсас. Пьеса көрінісі 1944 жылы — Белорус басып алу операциясының басталуында өтеді. Гвардия капитаны Михасев тапсырманы орындау үшін барлаушылар тобын құру керек болды. Оның алдына нәзік қыздар келгенде ол таң қалды. Бұл барлаушылар тобы болатын. Полицейлердің дос қыздары ретінде, қыздар жау әскерінің байланыс орталығына өтіп, атысты өздеріне аударып оның жұмысын тоқтату керек болатын. Тағдырдың тоғысуымен, қыздар майданның қақ ортасына түседі. Олар жауапты да қауіпті тапсырманы орындай ала ма?

Оқырманға Василь Быков ретінде танымал, Василий Владимирович Быков, — әскери ұрпақ, әскери тағдыр адамы. Повес — Быковтың сүйікті жанры. В.Быковтың кейіпкерлері — жауынгерлер, сержанттар, кіші офицерлер, ұлы шайқастың қатардағы жауынгерлері. Олардың майданда жасаған ерлік істерін қаламгер аса шынайлықпен суреттейді. Быковты әскери істер емес, адам рухы жандандыратын. «Алып аңызы» повесінің кейіпкері Иван Терешка, қатты жарақат алып, тұтқынға алынды. Тұтқында жатып, Иван майдандағы болатын бәлелердің ішінен өлімнің онша жаман емес екендігін түсінеді. Ол лагерден қашып, фашистермен соғысу үшін, триест барлаушыларына қосылады. Повес беттерінде бұл орыстың жігіті ашық жүректі, ерлі адам ретінде ашылады; ол өзіне ғашық болып қалған, өзі сияқты лагерден қашып кеткен итальян қызы Джулия үшін жанын береді. «Алып аңызы» — бұл майдан шежіресі, фашизм зұлымдығының, кеңес жауынгерлерінің ерлігінің сипаттамасы, бірақ, бір жағынан бұл махаббат туралы повес. Б.Васильевтің «А зори здесь тихие» повесі сияқты, «Алып аңызы» сүйе алмай кеткендер туралы, абыройы мен данқын қорғай алмай кеткендер туралы, өз жеріне сенімділігін ақтай алмай кеткен адамдар туралы айтып береді.

«Әйел туралы бар білгеніміз „мейірімділік“ сөзіне сиятын қасиеттер. Басқа да сөздер бар — апа, жар, дос және ең маңыздысы — ана... Әйел өмір береді, қорғайды. Әйел мен өмір — синонимдер» — деген сөздерден Светлана Алексиевичтың «У войны не женское лицо» атты кітабы басталады. Бұл деректі повесте өз тағдырлары, сол сұрапыл жылдары өмірлері қалай қалыптасқаны туралы, майданда көргендері туралы айтатын майданшы-әйелдердің естеліктері жиналған. Бірақ, бұл шығарма әйгілі мергендер, ұшқыштар, танкисттер туралы емес, «қарапайым әскери қыздар туралы». Бұл әйелдердің бірге жиналған әңгімелері, майдан кейібін суреттейді. Әріне, майдан — бұл әйелге тән іс емес, бірақ бұл «қарапайым қыздар» майданда қажетті болды. Керзі етігін, шинель киіп, әскери киімге үйреніп, төрт аяқтап жүріп, окоп қазып үйрену керек болды. Жауынгерлік оңай берілген жоқ. Бірақ олар бәріне де үйреніп, нағыз жауынгерлер болды.

Юрий Бондаревтың майдан туралы кітаптарының арасынан «Ыстық қар» кітабының орны ерекше. «Ыстық қар» романының көрінісі Сталинград маңайында, 1942 жылдың суық желтоқсан айында, кеңес әскерлерінің бірі Паулюс әскеріне қол жеткізуге ұмтылған, фельдмаршал Майнштейннің танк дивизияларының соққыларын шыдап жүргенде суреттелген. Бұл операцияны іске асырудан Волга шайқасының нәтижесіне, тіпті майданның аяқталуына да байланысты болатын. Романның көрініс мезгілі бір неше күндерден ғана тұратын, бұл күндердің ішінде Юрий Бондаревтың кейіпкерлері кішкентай жерлерін неміс фашисттерінен қорғайды. Бұл роман кейіпкерлерінің мінездері ерекше. Бұл кейіптер жас лейтенанттар — қорықақ Чибисов, сыпайы дәлдеуші Евстигнеев немесе дөрекі мінезді Рубиннің; жоғары офицерлер — дивизия командирі полковник Деев, әскер басқарушысы генерал Бессоновтың бойынан өшпеген. Бұл адамдар шендеріне қарамастан, барлығы бірігіп қана соғысатын халық кейібін құрайды.

М.Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесінің сюжеті ойдан шықпаған. Бұл нақты адам, көп бейнет пен ауыртпашылық көрген Андрей Соколовтың тағдыры. Соғыстың алдында Андрей Соколов кеңес адамдарына тән қарапайым өмір сүрген. Бірақ соғыс басталысымен бәрі өзгерді. Соғыс оның бар жоғын жойды. Отбасы қаза тапты, уйі жанып кетті. Баратын жер жоқ. Бір адамның басына түскен бұндай қиыншылықтардан кейін, адам ызаланып, басқаны ұмытып өзіне кету керек деп ойлаймыз. Бірақ бұл болған жоқ: жақындарының қаза болған жағдайының қиыншылығын, жалғыз болу оңай емес екенін түсініп ол соғыстың арқасында жетім қалған Ванюша баланы асырап алады. Андрей жетім қалған жанды жылытып, бақыт сыйлады, және баланың жылуы мен алғысының арқасында өз өзіне қайта келе бастады. Бұл әңгіме сенімділікке толы. Оның атауы да ерекше, себебі бұл әңгіме жай ғана жауынгер Андрей Соколов туралы емес, бұл адам тағдыры туралы, халық тағдыры туралы әңгіме. Сталинград шайқасы туралы «Олар Отан үшін шайқасты» романы туралы айтса, М.Шолохов майдан зұлымдығы мен кеңестік жауынгердің ерлігін әңгімелейді. Әңгімелеу ортасында — үш қатардағы жауынгер тағдыры. Түрлі кәсіпті, түрлі мінезді адамдар, олардың ұқсастығы — Отанға шын берілгендк. Полк биіктікті ұстауға бұйрық алғанда, кейіпкерлердің бірі — Николай «Бұл майдан романтикасы ғой! Полктан ештене қалған жоқ, тек қана жалау, бірнеше пулемет пен танк ататын мылтықтар қалды, осы түрімізбен тосқауыл болып бара жатырмыз... Не артиллерия, не миномет, не байланыс жоқ... Шегінген кезде үнемі осындай шалдуарлық пайда болады!» деп ойлайтын. Бірақ ол полк бір ғана өшпенділікте тұралады дегенге сеніп, көмектің үлгермеуі мүмкіндіктен қорықпайды. Сақталған әскери жалауды «соңғы шайқаста қалжыраған полктың қалдығы» жүз он жеті адам көтеріп келе жатыр. Полковник қорғалған жалау үшін оларға алғысын білдіреді: «Сіздер жалауыңызды Германияға апарасыз! Біздің ұлы Азаткер-Әскердің жалауы желбіреген кезде, тонаушы, жәбірлеуші, қанішерлерді тәрбиелеген елдің соры шықсын! ...Рахмет сізге, жауынгерлер!».

Уақыт бүгінгі ұрпақтың назарын алыста қалған майдан жылдарына, кеңес жауынгері — батыр, азаткер, гуманисттердің ерлігіне аударып, Ұлы Отан соғысының тақырыбына деген қызығушылықты арттырады.

Бұл шолуда ұсынылған кітаптардың барлығы, ОКЖ-міздің ауылдық кітапханаларымен «Жеңіс Кітаптары» атты аудандық кітапханалық фестиваліна қатысу үшін таңдалған.

Чикишева А.Н., «Железин ОКЖ» ММ әдіскері