"Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы және ҚР Тәуелсіздігінің 30- жылдығы аясында агроөнеркәсіптік колледж студенттерімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Т. Ю. Кудлаева А. Кристидің "Ғайып болған миллион" әңгімесі бойынша А. К. Ахметовтың қазақ тіліне аударуымен әдеби досье өткізді.

   Кітапханашы студенттерді акциямен таныстырып, "30 кітап – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына" неліктен таңдалғанын түсіндірді. Бұл-белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығарма. Аударымашы А.К.Ахметов туралы айтып берді. Әңгімелерінен үзінділер оқыды. Студенттермен "Э.Пуароның ізімен" викторинасын өткізді. Оқырмандардың жасөспірімдер тобына арналған іс-шараға  11 адам қатысты.