Домбыра – көнеден қалған асыл мұра, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше. Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймас. Аталған мерекеге орай және «Болашаққа бетбұру: қоғамның санасын модернизациялау»  бағдарламасы шеңберінде Железин ОАК «Ұлттық саз байрағы-Домбыра» атты әңгіме-сұхбат ұйымдастырып,  бейнеролик  ретінде ұсынады.