Қымбатты жас оқырман! Сені бүгін кітап сөрелеріндегі жаңа түскен кітаптар, асыға күтеді. Тезірек жет! кітап алып оқы. Егер де сен бұл кітаптарды алып оқитын болсаң, өзің үшін көп кішкентай достармен таныс боласың, және өте қызықты кішкентай ертегі кейіпкерлермен саяхатқа шығуың мүмкін.Білмейтін көп нәрселермен танысасың.

Бұл кітаптар ағылшын тілінен орысшаға сонан соң қазақшаға әдейі қазақ балаларына арналып «Алтын классика» топтамасында 2013 жылы басылып шықты. Бұрын сендер шет тілде оқысандар қазір ана тілде оқуға мүмкіндіктер бар. Біздің Қазақстан елі сендер сияқты бүлдіршіндер мен балдырғандарға барлық жақсы жағдайды жасайды. Сол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Ертекші Уолт Диснейдің 13 ертегі кітабы түсті. Атап айтсам:

«Винни және оның достары»; «Бемби», «Пиноккио», «Күнкей қыз», «101 далматин», " Көліктер«, «Ақшақар» т.б.

Тамаша ертекші Уолт Диснейдің бұл кітаптарында сендер оның мултьфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өріліп, елітіп әкетеді.Жоғарыдағы " Алтын классика" топтамасындағы кітаптар тамаша оқиғаларымен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады. Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып таңғажайып құпияларды ашады.

pic14«Жаңа заман ертегілері» / Құраст. Зәуреш Башпаева.- "Таймас баспа үйі, 2012.-104б.

Бұл жинаққа бүгінгі күн тақырыбына арналған ертегі — әңгімелер мен ертегі- хикаяттар топтастырылған. Кітаптың авторлары — танымал және жас қаламгерлердің қаламынан туған ертегілердің тілі жеңіл, оқиғалары қызықты, сюжет шешімдерін ұсынады. Бұл кітап жас орта топ оқырмандарға арналған.

 

pic13Қыраубаева А. «Имандылық әңгімелері.Бірінші кітапша.-Алматы : «Таймас» баспа үйі, 2012.-16б.

Филология ғылымының докторы , профессор Алма Қыраубаева — ұрпақ тәрбиесіне, оларға берер білім нәріне барынша күш жұмсаған ұлағатты ұстаз. Кітапша балаларды имандылыққа , білімділікке, еңбекқорлыққа жетелейді. Кітапша бастауыш сынып оқырмандарға арналған.

Балалар энциклопедиясы «Росмэн» топтамасынан кіші және орта топ оқырмандарға арналған әр түрлі сала бойынша мысалы: медицина, табиғат, техника, саясат т.б. салалар бойынша төменгі кітаптарды ұсынамыз.

«Адам» — деп аталатын кітап жас оқырманды адамның ағза мүшелерімен таныстырады. Адамның ішкі органдары мен сезім мүшелері жайлы, олардың жылдар ағысындағы жұмыс істеу өзгерістері жайлы білетін болады.

pic12«Жәндіктер». — Бұл кітапта жер бетіндегі жәндіктер жайлы айтылады.. Бүгінде олардың ғылыми дәлелдемелерімен зерттелген түрлері сан миллион. Олар барлық жерде: топырақта, суда, әуеде көптеп кездеседі.. Олардың қым- куат тіршілігі, табиғатқа, адамзатқа келтірер пайдасы мен зияны кеңінен әңгімеленеді.pic7

«Тірі табиғат» — Бұл кітап жас оқырмандарды біздің ғаламшарымыздағы полярлы тундрадан бастап, тропикалық ормандар мен мен шөлейттерде тіршілік ететін жануарлар және өсімдектер әлемімен таныстырады. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарлары туралы қызықты мәліметтер беріледі.

pic8«Құстар» Бұл кітап қанаттылар тобына жататын ғаламшарымыздағы түрлі құстармен таныстырады.. Олардың жұмыртқадан шыққан сәтінен бастап қанат қағып ұшу кезеңдері, құрлықтар мен мұхиттарда жем аулау тіршіліктері қызықты баяндалады.Кітап бастауыш сынып оқырмандаға арналған.

pic9«Су астындағы тіршілік» Кітаптағы алып мұхиттар мен көк теңіздердің таңғажайып әлемімен таныстырады. Су астындағы тіршіліктің тұңғиық сырлары ашылады. Мұнда мекен ететін алып жыртқыш балықтардың түр-түрі тағы да басқа жәндіктер туралы танымдық деректердің қызықтырары сөзсіз.

pic10«Әлем халықтары» Бұл кітапта әлемдегі халықтар жайлы айтылған. Олардың мекен еткен жерлері мен әдет-ғұрыптары, тіл , діндері әңгімеленеді. Сахара шөліндегі көшпенділердің, мәңгі мұз басып жатқан Арктика маңында тұратын ел тіршілігі жайлы қызықты мағлұмат аласыздар.

«Әлемдік тарих» Кітапта сіздер жиырма бірінші ғасырға дейінгі өмір сүрген халықтардың тарихи кезеңімен таныстырады. Біздің заманымызға дейінгі адамзат ғұмырындағы ежелгі әлем мен ортағасыр тіршілігінің маңызды деректерін қызықты баяндайды.

Жас бүлдіршіндермен балдырғанға айтар тілек кітапханаға өзің кел, өзіңмен бірге достарыңды, таныстарынды бірге ала кел , бізге де көмектес, бізбен дос бол . Кітап білім бұлағы . Білім өмір шырағы. Білекті бірді жығады. Ал білімді мыңды жығады. Білімді болсаң достарың көп. Сондықтан сіздерге достарың көп болсың демекпіз.

Құрастырушы : Ғ.А.Ашкенова.