Ананың кең жүрегі 

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, «Ананың кең жүрегі» әдеби сабақ өтті. Бұл «Өнегелілік және мейірімділік сабақтары» циклынан тағы бір сабақ. Бұл шараға қатысқан, № 1 ЖББОМ төртінші сынып оқушылары (мұғалімі Нагайцева Т.В.) Евгений Пермяктың «Мама и мы» тыңдап, талқылады.
Талқылау барысында балалар бұл әңгіменің не туралы екенін, кейіпкері Кольканың бойындағы бар касиеттерін, ана махаббаты Кольканың достарын құтқарып қалуға қалай көмектескенін  анықтады. Содан соң балалар өз аналары туралы айтып берді. 
Барлық қатысушыларға, класстас-қыздарға ұлдар дайындаған концерт ұнады. Концерт барысында аналарға, әжелерге және қыздарға арналған өлеңдер мен әндер шырқалды.
Осылайша, балаларды көркем әдебиетке баулып, олардың бойында моральдық және өнегелі қасиеттерді дамытамыз.


О.Зданович, ОБК кітапханашысы

FOTO