Экскурсия – кітапханамен танысу 

Күзгі демалыс күндері Береговой НЖББМ мектебінің тәрбиеленушілері аудандық балалар кітапханасына қонаққа келіп, оның бөлімдерімен саяхаттау түрінде танысты. Кітапханашылар балаларға кітапхана қорына түскен  жаңа кітаптарды, кішігірім мұражай экспозицияларын, анықтамалық әдебиет қорын көрсетті.
Балаларға замануи технологиялар арқылы мазмұны «тіріліп кететін» интербелсенді кітаптар өте ұнады.
Балалардың көбі осы күні өзіне алғашқы рет кітап таңдап, өзін оқырман қатарында сезінді. 
Кездесу соңында «Кім бәрінен ақылды?» атты әдеби ойынға қатысты.   

Кітапханаға экскурсиясы балаларда  сан алуан  жағымды сезім тудырды.

FOTO