Жақсы кітап — жан азығы

Бүгінгі күні жаздың демалыс күндерінің бітуіне шамалы уақыт қалды. Сол күндерді босқа өткізбейік қымбатты оқырман балалар. Дәстүр бойынша біздің аудандық балалар кітапханасындағы қызмет көрсету бөлімінің сөресі өз оқырмандарын қуантпақ. Аз да болса жаңа кітаптармен қорымыз жаңарып тұрады.

Кіші топ оқырманға біз «Әліпби. Анаммен оқып үйренемін» алғашқы кітаптар топтамасынан шыққан кітапша "Қоршаған орта".- Аруна баспасы, 2010. Ол балдырғандарды әріп және дыбыстармен таныстырады. Буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырады. Әрбір кітап қызғылықты тақпақ , жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең , әңгіме, ертегілерден тұрады.

pic 01Кішкентай бүлшінді өзінің суретті көркемдігімен және безендірілгенімен әр баланың көңілінен шығуы мүмкін. Мысалы Балаларға базарлық топтамасынан ағылшын тілінен аударылған ашылмалы кітапша "Көңілді көжек«.-«Аруна» баспасы, 2004ж. Бұл кітаптағы көжектің достарының қолдарынан келмейтіні жоқ. Олар оқиды, жазады. Санай алады. Көжек те өзінің қолынан іс келетінін көрсеткісі келеді.Сөйтіп жүріп ақыры өзіне еремек табады! Кітапты алған балақай да көжек сияқты ермек табатын шығар деп ойлаймын.

pic 02«Көңілді көліктер» топтамасы түрлі көліктер туралы қызықты әңгімелерді кішкентай оқырмандарымызға жеңіл тілмен баяндап береді. Егер де сен көңіл көтеріп , автокөліктер жайлы мәліметтерге қанық болғын келсе, біздің қысқа әрі көңілді мына әңгіме кітаптарды оқы. Джип.- Алматы:Аруна, 2014 ж., және Кран.- Алматы,2014 ж. Бұл көңілді көліктер әр бір бала көңілін көтеріп қуантады.

Келесі назарларыңызға ұсынатынымыз «Әріптер мен дәрістер топтпмасынан Ермек Өтетілеуовтың «Әскери әліпби» , Аруна, 2014 ж. шыққан кітабын тамашалаңыздар. Ондағы әскери әліпби ашатын сырларын, әр кішкентай оқырманның танымдық ұғым деңгейін артырады.

Жақсы мінез- құлық — адамның ең басты және маңызды қасиеттерінің бірі!

pic 04Дара мен Бутс дөрекі мінезді Трольдің досы тышқанның алдында кешірім сұрауына ықпал етеді. Балаларға арналған ағылшын тілінен аударылған әңгіме кітапша «Саяхатшы Дара» топтамасы . «Сыпайылық- тамаша қасиет»-Аруна,2014. кітабынан көптеген тамаша әсер аласыздар.

pic 05Балалар жазушысы Айса Хамзеұлының есімі көптеген оқырманға таныс. Жазушының жаңа шыққан қысқаша әңгіме кітаптары мысалы.: «Әжесі мен немересі».; «Болашақ»., «Қолғанат», «Намыс» кітапхана көрмесінде өз орнын тапты. Автордың әңгімелерінің бірі , Ақ жол .- Астана, 2010 ж. Бұл кітапты оқысаңыз кішкентай балалардың қызықты өмірі жан-жақты суреттеп жазған таңдаулы шағын әңгімелері сұрыпталып алынған. Автордың көптеген шығармалары Республикалық, облыстық қаламгерлер арасында балаларға арналған шығармалар байқауында жүлделі орын алып жүр.

pic 06Ал жас өспірімдерге арналған әңгімелерді ағылшын жазушыларының шытырман оқиғаларын қазақ тіліне аударған жазушы журналист Зияш Төлеуова. Оның орта және жоғары топ оқыырмандарына арналған «Жаңа детектив» топтамасынан Телеуова З. «АБКА» тобы ашқан қылмыс.-Алматы, 2009 ж. Ұсынылып отырған кітапта Кәрім, Айбек, Бану есімді мектеп оқушыларының және колледжде оқып жүрген Аянның ашқан бір қылмысты оқиғасы жайлы айтылады. Қазіргі таңда бұл тақырып жас оқырмандар үшін өте қызықты тақырып.

Сөз соңында балаларға айтарым бос уақыттарыңды текке өткізбей кітаппен бірге болып, бірге сырласып , дүние танымдарыңызды арттыруға біздің «Жаңа кітаптар» көремесі сіздерді күтеді.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.