8-ші қаңтарда кітапхананың негізгі бөлімдеріне «Кітапханадағы жаңа жылдық  оқиғалар» квест – ойыны  ұйымдастырылды.   Әрбір бөлім  – бұл белгілі-бір тапсырмалар станциясы болды: «Жұмбақтар», «Қарлы», «Көркем әдебиет», «Ән-күй», «Спорттық», «Құпия», «Конфетті».
Балалар екі командаға бөлініп,   «аққалалар» ойын  жарыстарында өздерінің шапшаңдығын  көрсетті: корзинаға қарды тез лақтырып, қыс әндерін  айтып және қыс тақырыбына арналған жұмбақтарды шешіп, берілген пазлды  құрастырып, ондағы қысқы спорт ойындарын дұрыс атап айтты және  қар бүршіктеріндегі әріптерден жинастырған қыс туралы, жаңа жылға арналған сөздерді құрастырды т.б. Қорытындысында, екі тор та  тапсырмаларды жақсы орындап, тәтті сыйлақтарға ие болды.

FOTO