Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы- кітапханашылар.

Біз бүгінгі ақпарат бетіне орталық аудандық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөліміне және оқу залына жаңа түскен қазақ тіліндегі әдебиеттерді кіші, орта жоғары топ пайдаланушы оқырмандарға жарнама жасап, олардың кітапқа деген қызығушылығын және өздерінің білімін арттырып тиімді қолдануды жөн көрдік. Осы кітаптарды оқырман топтарына арнайы қысқаша мәлімет арқылы ұсынамыз.

pic 14Менің Отаным/ Қ.Шаяхмет, ред. Ұ.Зұлхарова, суретшісі Б.Ергалиева.-Алматы:Аруна, 2013. Ең кішкентай және мектепалды оқырмандарға ұсынамыз. «Әліпби» топтамасына жинақталған кітаптардың бірі. Бұл жинақта әріп пен дыбыстармен балалар танысады және оқу дағдысын қалыртастырады. Бұл кітапта қызғылықты туған еліміз Қазақстан туралы тақпақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, Қазақстан рәміздері, көркем безендірілген кітаптар кішкентай оқырманды қуантады.


pic 6«Топ – топ , топ- топ Басайық» / С.Қалиұлы, суретшісі О.Омарова, ред. Ұ.Зұлхарова.- Алматы: Аруна,2013. Жаңадан шыққан «Полиглоттар» топтамасынан арнайы балақайларға жеңіл үш тілде ағылшынша орысша қазақша үйреніп тілдерін жаттықтыра алады. Әр тақырып баланың ой қабілетіне жеңіл әрі тиімді.. Бұл кітапта бірнеше ойындар өлеңмен жазылған.. Бала тез жаттап оны әркезде пайдалана алады. Кітапта тиімді тақырыптар Аулада, Зообақта, Отбасында т.б.


pic 7Өнегелі ертегілер. Қазақ ертегілерінің антологиясы. / Бас.ред. Қ.Байғабылова, суретшісі О.Грачева.- Алматы:Аруна,2013. Бұл кітапта жануарлар туралы халық ертегілерінің жинағы енген. Мысалы: «Кім күшті?», «Мақтаншақ қоян», «Қу түлкі» т.б. Ертегілер жинағы болашақта қызықты туындыларымен қуанта бермек. Бұл топтамадан «Әжемнің ертегілері», «Бабушкины сказки», «Умные сказки» орыс тілінде шыққан кітаптар да бар.


pic 15Балақай топтамасынан шыққан кішкентайларға арналған кітапшалар. Кім болам?. /Құраст. Құрысшанова.- Алматы : Аруна,2013. Өнегелі оқиғалар, Құстар, Мақтаншақ пен қызғаншақтық т.б. ертегілер кітапшалары осы топтамадан шыққан. Бұл кітапшалар өзінің көркем суреттерімен әр балақайлардың көңілінен шығады деп сенеміз.Топтама ертегілері баланы тәрбилеуге, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға шақырады.


pic 11Қазақ ертегілері топтамасынан шыққан кітаптар:Ұстаз хақысы. Награда за мудрость.- Алматы: Дайк-Пресс,2009. Бұл кітап екі тілде қазақ және орыс тілінде . Кіші топ оқырмандарына арналған. Көркем суреттермен безендірілген. Бала тіліне мазмұны жеңіл, ой – қабілетінің дамуына ықтимал. әсер тигізеді. Кітапта негізгі мына әңгімелер Екі дос, Жомарт пен сараң, Етікші т.б. қызықты ертегі кейіпкерлері сіздерді күтеді.


pic 13Әлем халықтарының ертегілері топтамасынан: Белорус ертегілері. Белорусские сказки. –Алматы: Дайк-Пресс,2009. т.б. Ағылшын ертегілері. Бұл ертегілерді оқығанда балалар екі тілді қатарынан меңгеруге мүмкіншілік бар. Бұл ертегілерді қазақ балаларына арнайы шет тілден орысшаға орыс тілден қазақшаға аударылып жазылған. Қазақ баласына жаңа заманда жаңа технологиямен бірге жаңа заманға сәйкес әдебиет беттерінің безендірілуінің өзі кішкентай оқырманды осы кітап кейіпкерлері қызықтыруы мүмкін. Ақылы аскан Андрей, Арлан қасқыр мен шулан қасқыр.

Ұрлық түбі қорлық т.б. Осы топтамадан Ағылшын ертегілер атты кітабын да тамашалай аласыздар.

Көркем әдебиетпен бірге кітапхана қорын толықтыруға әр салалар бойынша да көптеген жаңа әдебиеттер түсті. Кітап қорына орта топ оқырмандары яғни мектеп 5-8 сынып оқушыларына мына танымды энциклопедиялық әр салаға байланысты кітаптар түсті.


Ұлы императорлар. – Алматы:Аруна,2013. Кейбір балалар көп нәрсені біле бермейді. Сондықтан олардың білуге ұмтылуы – қоршаған ортаны, әлемдегі құпия сырларды ашуға көмектеседі. Жан-жақты болуға деген құштарлық әр баланың бойынан табылады. Бұл балаларға біз өзіміздің кітап қорына алғашқы рет «1100 қызықты деректер» топтамасынан мына әдеби –таным кітаптарды ұсынамыз: Жануарлар, Адам анатомиясы, Акулалар,дельфиндер және киттер., Қару-жарақтар. т.б. Сан саланы қамтитын бұл топтама әдебиеттері жас жеткіншектердің көптеген сұрақтарына жауап табады деген үміттеміз.


Алтынсарин Ы.Қазақ хрестоматиясы. (Киргизская хрестоматия). – Алматы: Білім, 2006. Алтынсарин кітабы адамгершілік пен еңбексүйгіштік, әдептілік пен инабаттылықа, ата-ана, ел мен жерге деген сүйіспеншілікке үйретеді. Ы.Алтынсаринның бұл оқу құралы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына арналған.


pic 5Әлімжанов А. Байниетова С. Нашақорлық –қасірет. – Алматы: Аруна баспасы,2010. Кітапта авторлар XXI ғасырдың өзекті мәселесі – нашақорлық індетін, әсерлі көріністермен баяндайды. Авторлардың бірі дәрігер болғандықтан , нашақорлар мен олардың туыстарына және дос жарандарына жан түршігерлік фотобейнелер мен құнды деректер өз көзқарастарын жете түсіндіреді. Кітап орта және жоғары қалың оқырман қауымға арналған.


pic 10Бегалин Қ. Империя құрамында : «Қазақстан балалар энциклопедиясы» топтамасы. – Алматы:Аруна, 2010. Бұл томда XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақ Автономиялық Республикасы (1920) құрылғанға дейінгі уақыт аралығында өткен елеулі оқиғалар, ұлт-азаттық көтерілістер, мәдени орталықтар мен өндірістік кәсіпорындардың ашылуы, тарихи тұлғалардың өмірі мен атқарған істері туралы жазылған. «Аруна» баспасынан шыққан бұл кітап балалар мен ересектерге арналып жазылған. Бұдан басқа да 4 томдық қазақ және орыс тілінде ұсынылған кітаптар бар қызықтасаңыз келіп алып оқыңыздар.


pic 8Жер – жаһанға саяхат. – Алматы: Аруна, 2013. Ағылшын тілінен аударылған. Балаларға арналған танымдық энцилопедиясы Ежелгі дүние кереметтері, Су астындағы тіршілік кереметтері., Джунгли кереметтері, Ғылым кереметтері т.б. тақырыптарды оқып ізденімпаздық танытасыздар деп ойлаймыз. Қызықты бұл энциклопедиялар әр бір кішкентай оқырманды қызықты саяхаттарға шақырады. Ал оқырмандарға айтарымыз асығыңыздар құр қалмаңыздар. Кітапхана жаңа кітап көрмесі сіздерді күтуде.

ОБК кітапханашысы: Ғ.Ашкенова.