Күзгі көңіл күй.

Күзгі демалыстың соңғы күні Железин балалар кітапханасы өз есіктерін күзгі көңіл күйде жүрген балаларға ашты. Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған әдеби-шығармашылық сабақ дәл солай аталды. Оған ойындар, жұмбақтар, күзгі мастер-клсс және күз туралы кітаптарды оқу енді.

Балалар И.Соколов-Микитовтың «Год в лесу» кітабынан күз туралы әңгімелерін тыңдады. Мектеп бағдарламасының аясында балалар ақындық шығармашылықты оқиды, сол себептен, қонақтар күз туралы өлеңдерді еске түсіріп, оқып берді. Жатқа оқи алмаған балалар, «Күз» кітап көрмесінен кітаптарды пайдаланды. Қонақтарымыздың орындауында - А.Пушкин, Ф.Тютчев, А.Фет және басқа да авторлар естілді.

Барлық балалар ойнағанды ұнатады. Олар Марфа-бақшашының жұмбақтарын қызыға шешті. «Көкөністер базарында» балалар көкністерді қармалап  таныды.  «Сияпатыңды ұста» ойыны ең жүйрік және ептілерді анықтады. Балалар алмалармен марапатталды.

Содан соң мастер-класс басталды. Бұнда балалар түрлі-түсті қағаздан күзгі жапырақтар жасауды үйренді. Дайын бұйымдармен балалар «Күзгі көңіл күй» әдеби-шығармашылық сабағына дайындалған кітап көрмесін әшекейледі.  

О.Зданович, Железин ОБК оқу залының аға кітапханашысы

ФОТО