«Ана жүрегі»

әдеби оқу

            Железин балалар кітапханасы ЖББ мектебінің № 3 ші 5 сынып оқушылар арасында 8 наурыз аналар көктем мерекесі күні төңірегінде және «Әдепті болып өсеміз» атты бағдарлама бойынша өтетін құлықтылық сабақтардың бірі «Ананың мейірімді жүрегі» атты тақырыпта әдеби оқу өтті.

         Шара өту мақсаты анаға деген мейірімділікті, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық тән қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Болашақ ұрпақты өз Отанын сүйіп ата- баба тарихын ұмытпай құрмет тұту. Балалардың оқу дағдылын кеңейту.

         Көктем мерекесі «Көктем келді!» сергіту ойынымен ашылды. Кіріспе бөлімде жүргізуші Ана-барлық өмірдің бастауы, Ана - ұлы адам, қасиетті жан, екенін айтып түсіндірді. Шара бағдарламасында қазақ балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» атты әңгімесін оқып талқылады. Әңгіме бөлімдерін балалар көмегімен жүргізуші мына тақырыптармен мысалы: «Сұмдық түс», «Арайлы таң», «Ауладағы оқиға» т.б. бойынша атап оқыды. Аталған тақырыптар бойынша «Ана жүрегі» атты электронды слайд презентация көрсетілді. Автордың кітабындағы «Ана жүрегі» әңгімесіндегі кейіпкерлердің сурет бейнелері, ана мейірімі, ашып көрсетілді және ана туралы нақыл сөздермен балалар танысты. Жүргізуші және «Бұлақ» әдеби клубының мүшесі Кадырова Бибісары таңдалып алынған автордың «Ана жүрегі» әңгімесін дауыстап оқыды. Әңгіме соңында балалар берілген сұрақтарға белсенді жауап берді. Мысалы:

Әңгіме оқиғасы қай кезеңде болды?

Балқия ана ауласында кімді кездестірді?,

Кездестірген бала кім?

Ананың балаға деген көқарасы қандай? т.с.с

         Әңгіменің соңғы бөлімін «Ана бақыты» деп аталды. Өйткені әр анаға, әлемдегі барлық бала бақытты өмір сүрсе сол аналарға үлкен бақыт. Балалар аналарға арналған өз тілектерін өлең шумақтармен оқыды олар атап айтсақ ЖОСШ №3 мектебінің 5 сынып оқушылары : Сүттібаева Азель, Есеналиева Жансая, Шангилов Ансар, Мэлс Нурали. Шара соңында балалар «Жүректен жүрекке» шеңбер ойынына қатысып, өздері жасаған жүрек суреттеріне аналарына деген шынайы бала  махабатын, сезімдерін жазып білдірді.  Ең маңыздысы балалар Ана -  әлемдегі тіршіліктің ең қымбатты, ең сүйікті, ең қасиетті жан екенін түсінді.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

Фото