Универсиада— дүниежүзілік студенттік спорт ойындары, студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Атауы «Университет» және «Олимпиада» сөздерінен құрылған. Бүкіләлемдік Универсиада – бұл Олимпиада ойындарынан кейін екінші, маңызды халықаралық спорттық шара. Жазғы және қысқы Универсиадалар бар. Бұл шаралар әр екі жылда өткізіледі, оларға 17-28 жас аралығындағы студенттер мен аспиранттар қатысады.

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Бүкіл әлемнің мыңдаған студенттері 12 спорт түрінде медальдар үшін жарысады. 

Орталық балалар кітапханасының оқу залында жайылған «Сәлем саған, Универсиада!» ашық шолуы, сіздердің назарларыңызға ойындар тарихы туралы, оларға дайындық барасы туралы материалдарды, содан соң универсиада Күнделігін  ұсынады.