«Қысқы ойын-сауық»  бағдарламасына  №3 Железин мектебінің  оқушыларымен қыс калейдоскопы өтті. Шара барысында балалар А.Өмірбаевтың «Жылдың он екі баласы» ертегісін рольдерде оқып, сиқырлы сандық жұмбақтарын шешті. «Жыл он екі ай» ойынына қатысты. Бұл күні  балалар арасында өткізілген поэзия-батл сайысына қатысып,  «Ең күшті оқырман» атағына күресті (Қыс және Жаңа жыл туралы өлең-тақпақтар орындалды).  Кездесу барысында балалар өздерінің қолдан жасаған 3D – аққала ретінде  жасаған қар бүршіктерін кітапханаға сыйлады.
Шаралардың соңы  шебер - класспен аяқталды.  Балалар қағаздан әшекей бұйымдарды жасап дайындауды үйренді. Бұл бұйымдармен шыршаны безендірді.

FOTO