«Белгісіз соғыс ардагерлері» 

30 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 – жуық адамы құрбан болды. Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран болатыны белгілі. Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді.
Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. 22 мың жауынгердің арасында 40-қа жуық біздің жерлестеріміз де борышын өтеді.
Аудандық орталық кітапхана 2019 жылдың 11 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30-жыл толуына арналған «Белгісіз соғыс ардагерлері» атты тақырыпта кездесу-кешін ұйымдастырды. Шараға ауған ардагерлері Жаналинов Айнабек Сергеевич, Каскирбаев Мейрам Бекежанович, Кашурный Александр Геннадьевич және Козкин Зейнулла Жуматаевич қатысты.
«Время выбрало вас» атты кітапхана жасаған бейне фильм қаралғаннан соң,  соғыста қаза тапқан жауынгерлер  - Валерий Паршунин, Андрей Дунаев, Николай Толстой, Игорь
Жуковты еске алып, минуттық үнсіздік жарияланды.   
Шара барысында  ауған ардагерлері жастарға өздерінің атқарған азаматтық борыштары жайлы айтып, бастарынан өткен оқиғалармен бөлісті.
Кездесуді қонағымыз  Никита Сушков патриоттық әскери әнмен аяқтады.
Сонымен қатар «Ауғанның асуында от кешкендер»- атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ауған әскерлерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, бейбітшілік өмір тілейміз! 

Кітапханашы: Серуен З.

FOTO