Астана қаласында өтетін «Болашақ энергиясы» Халықаралық арнайы көрмесін өткізуге арналған, «ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы» EXPO – сабақтарының аудандық шеру-сайысы туралы

Ережелер

Қазақстан, бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі – тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мәселесін көтереді. Энергияның жеткіліксіздігі мәселесі және осымен байланысты зиян бүкіл әлемді  толқытады, олардың шешімі – адамзаттың басым міндеті.  EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесі тұрақты энергетикалық болашақты құруда халықаралық шараға айналуы тиіс.  

 Сайыс ұйымдастырушысы – «Железин ОКЖ» ММ әдістемелік бөлімі

II. Сайыстың мақсаты мен міндеттері

- кітапханалық шаралар арқылы, оқырмандар бойында Қазақстанның жетістікері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.;

- Астана қаласында өтетін «Болашақ энергиясы» Халықаралық арнайы көрмесі туралы ақпарат беру;
- әлемнің энергетикалық болашағы туралы, оның қоршаған ортаға әсері туралы, энергетика саласында ғылыми-техникалық процесстің заманауи жетістіктері туралы білімді әйгілеу бойынша жұмыс тәжірибесін тарату.

III. Сайысты өткізу мерзімі
Сайыс екі деңгейде өтеді:

- 1 айналым – іріктеу – 2017 жылдың 17 сәуірінен 28 сәуірге дейін;

- 2-ші айналым – «ЭКСПО-2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы»   сайыс-шеруі   -  2017 жылдың 7 маусымы.

IV. Сайыс қатысушылары
Сайысқа «Железин ОКЖ» ММ кітапхана қызметкерлері, белсенді оқырмандар, техника және энергетика саласында жаңа жетістіктермен қызығатын адамдар қатыса алады.

V. Сайысты өткізу ережелері

1-ші деңгей: -  2017 жылдың 1 сәуірінен 15 сәуірге дейін - EXPO –сабағын өткізу сценарийін ұсыну;  

-    2017 жылдың 17 сәуірінен 28 сәуірге дейін – кітапханада EXPO – сабақтарын өткізу.      

Сайыстың 1-ші деңгей қатысушыларын бағалау өлшемі:

- Сайыс тақырыбын ашу үшін авторлық шешімдерін еңгізу;

- EXPO – сабақтың еркшелігі, толықтығы және кешенділігі;

- инновациялық жұмыс формаларының бары.

2-ші деңгей:  – «ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы» EXPO – сабақтарының сайыс-шеруі – 2017 жылдың 7 маусымы.

Сайыстың 2-ші деңгей қатысушыларын бағалау өлшемі:

- сайыстық бағдарламаның мазмұндылық деңгейі;
- ұсынылған жұмыс формалары мен әдістердің инновациялар деңгейі;
- оқырмандарға ақпарат алуға мүмкіндік беретін түрлі ресурстарды қолдану, Сайыс тақырыбының толықтығы және реттілігі.

VI.  Сайыстың қазылар алқасы

Қазылар алқасының құрамы Сайыс ұйымдастырушыларымен анықталады.

VII. Жеңімпаздарды марапаттау:

«ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы» EXPO – сабақтарының шеру-сайысының қорытындысы бойынша келесі номинацияларда жеңімпаздара анықталады:

- «Инновацилық идея»;

- «Көңілді EXPO-сабақ»;

- «Жастарға арналған Үздік EXPO-сабақ».