«Туған жерге тағзым ету - парызым» атты жерлестер форумы

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ағымдағы жылдың 31 тамызында Железин № 1 ЖОББ мектебінде «Туған жерге тағзым ету - парызым» атты жерлестер форумы өтті.  Осы форумда жақын шет елдерден, басқа қалалардан, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген есімі елге белгілі адамдар бас қосты.  Өңір басшысы Қ.Ш.Кашкировтың бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жерлестер форумына 70-тен аса осы өлкеден түлеп ұшқан азаматтар жиналды.  Кіндік қаны тамған жерден жырақта жүрген жерлестердің ішінде ресми тұлғалар да, лауазымды шенеуніктер де, мемлекет және қоғам қайраткелері де, кәсіпкерлер де, танымал сарапшылар да, жазушылар, кинорежиссер де болды. Осы форумда Железин аудандық ОКЖ-сі белсене қатысып, «Мақтан тұтқан жерлестер» және «Тарихы бай, болашағы нұрлы елім» атты кітап және  фото көрмелері ұымдастырылып, қойылды. Бұл  көрмелерде  атақты жазушылардың  кітаптары қауымға ұсынылып,  еңбегі сіңген атақты жерлестеріміздің  өмірбаяны баяндалды.

FOTO