24 қазанда Қазақстанда тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтауда және танымал етуде маңызды рөл атқаратын мамандық - кітапханашы күні атап өтіледі. Цифрлық технологияларды дамыту кітапханалардың жұмыс істеу тәсілдерін өзгертеді, алайда олардың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады: ақпараттық және ағартушылық орталықтар болу.
Осыған орай, 23 қазанда Железинка аудандық кітапханасында аудан кітапханашыларының кездесуі өтті. Кітапхана ісінің ардагерлерінен шараға Л.С.Слугина, Н.С.Чехова, аудан әкімшілігінен - аудан әкімінің орынбасары Р.К.Усина, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы А.А.Мукушева, «Аманат» партиясының өкілі Т.С.Сәрсенов қатысты.
Кітапханашылар мен кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Райхан Қайыржанқызы аудан әкімі Людмила Сергеевна мен Наталья Саматовнаға Аудан әкімінің Құрмет грамоталарын тапсырды. Аудан әкімінің Алғыс хатымен орталық кітапхананың күзетшісі Қанат Құрманов марапатталды.
Железин ауданының ОКЖ директорының м.а. А.О.Балтабаева құттықтау сөзінен кейін ОАК оқу залының кітапханашысы Сәуле Ибраевна Тлегенованы кітапханалық іс саласындағы 35 жылдық еңбек өтілімен және мерейтойымен құттықтады.
Кітапхана саласының ардагерлері Н.С.Чехова мен Л.С.Слугина әріптестерін мерекемен құттықтап, көрсетілген назар үшін алғыстарын білдірді.
Биыл Железин аудандық кітапханасы «Керемет кітапхана!» атты аудандық байқау ұйымдастырды, Бұл байқау ауданымыздың әрбір кітапханашысына үш минуттық ролик форматында өз жұмысын таныстыру, өз қызметіндегі айтулы оқиғалар туралы әңгімелеу, ерекше форматтағы жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді. Байқаудың қорытындысы аталған іс-шараларда жарияланды: ІІІ орын - Еңбекші ауылдық кітапханасы, кітапханашы - Шекенова Расима Кәрімқызы; ІІ орын - Уәлиханов ауылдық кітапханасы, кітапханашы - Смагулова Майдан Балтабайқызы, І орын - Башмачное ауылдық кітапханасы, кітапханашы - Ротермель Элеонора Викторовна.
Кітапханашылар мерекесі Қ.Әлсейітов ат. МҮ қызметкерлері Б.Айтмұратов, Н.Керімбеков, М.Бедринаның тақырыптық нөмірлерімен безендірілді. Сондай-ақ, іс-шараны өткізудің Абай Рыспеков пен Марина Бедринаның кәсіби-еркін әдісі барлығының көңілінен шыққанын атап өткен жөн.
Кітапхана ісі саласының барлық қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жаңа кәсіби және жеке жетістіктер тілейміз!
А.Естаева






