«Көппен көрген ұлы той»

Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні аудандық агротехникалық колледжі мен аудандық кітапхананың қатысуымен  «Көппен көрген ұлы той» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараға колледж қызыметкерлері қызығушылықпен ат салысты.

Шара шымылдығын мемлекеттік әнұран ашты.  Келесі сөз кезегі колледж директорының орынбасары Серғазин Азат Қадырбайұлына берілді. Аталмыш шара сайыс ретінде ұймдастырылды. Колледж қызметкерелері мен студенттері арасында  «Ауылдар сайысы» ұйымдастырылды. Сайысқа 4 ауыл қатысты. Аққайың ауылы, Алматы ауылы, Астана ауылы және Жанаберді ауылы.

Ауылдар арасындағы сайыстар келесі бөлімнен тұрды:

-        «Дастархан»;

-        «Тұрмыстық салт-дәстүр»;

-        «Шығармашылық өнер»;

-        «Сұрақ - жауап».

 Шара басында төрт адамнан  құрылған әділ-қазылар саланып алынды. Осы әділқазылар 4 ауылдың өнерін бағалады.

1-      Бөлім бойынша  ауылдардың дастархандары бағаланды. Әр ауылдың дастархандары бірінен бірі  өткен. Дасатархан ұлттық тағамдар мен наурыз көженің құрамы бойынша бағаланды. 

2-      «Тұрмыстық салт-дәстүрлер» - бойынша  Аққайың ауылы «Балаға ат қою» рәсімін көрсетті, Алматы ауылы «Асық ойнын» көрсетті, Астана ауылы «Баланы қырқынан шығару» рәсімін көрсетті, ал, Жанаберлі ауылы «Келін түсіру» рәсімін көрсетті.

Салт – дәстүрді нақышына келтіріп орындап шықты.

3-      Шығармашылық өнермен алға озып шыққандар Жанаберлі ауылы болды. Олар ән шырқата салып, би билеп қолдарынан келген өнерлерін ортаға салды.

4-      Науырызға қатысты, салт дәстүрге қатысты сұрақтар қойылды.

Шара өте көңілді өтті. Сөз соңында әділқазылар алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушылардың бағасын берді.

 Кітапханашы: Серуен Зоя