Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Осы мерекенОсы мерекенң бір ай көлемінде тойлануына байланысты, Железин аудандық орталық кітапханасы Павлодар қаласына, «Қазақстан –татулықпен бірліктің мекені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесіне Астананың 20 жылдығына арналған, Павлодардың 80 жылдығына арналға және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы кітаптар қойылды.

FOTO